Білім беру бағдарламасы (коды, атауы) Білім беру бағдарлама (коды, атауы) 6В01404-Бастапқы әскери дайындық, 6В01405-Дене шынықтыру және спорт, 6В01407-Музыкалық білім, 6В01409- көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау, 6В01510-Математика



бет16/42
Дата07.10.2023
өлшемі7,47 Mb.
#184086
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   42
Байланысты:
Білім беру ба дарламасы (коды, атауы) Білім беру ба дарлама (код
Тапсырма СОӨЖ Алмас 001
Мария Монтессори тәсілі
Алғашқылардың бірі болып Мария Монтессори кеңістіктік және пәндік білім ортасын модельдеуде тұлғалық дамудың негізгі факторы ретінде ерекше мән берді. Оқу процесін дамытудағыоның жасаған моделі тәрбиешіні алдымен өзінің «дайындық ортасы» деп атау берген кеңістіктік және пәндік білім ортасының ұйымдастырылуына сәйкес балаларды басқару керектігін көрсетеді.Мектепке дейінгі және бастауыш сынып жасындағы балаларға арналған жобаланған М.Монтессори дайындық ортасы баланы жеке даралығына сәйкес өздігімен даму мүмкіндіктерін орындауға ынталандырды. Баланың өздігімен оқу процесі дидактикалық материалдың арнайы құрылғысы ретінде көрсетілді(«Монтессори- материалы»): текше-астарлары; әртүрлі формадағы ұялы жиектемелер мен осы ұяларды толтыру үшін астарлар;оқуға қажетті заттармен толтырылған қозғалмалы жәшіктержәне т.с.с. Бұл құрылғылар балаға тапсырмалар орындау барысында қателіктерді өздігінен табу мен оларды шешуге көмектеседі. Монтессори бұл дәрістерде негізгі жағдай баланың белсенділігінің артуы, ал осындай дәрістерде игерілген білім ілескен тапсырма ретінде қарастырылды. Монтессоридің білім жүйесіндегі кеңістіктік және пәндік ортасы осы жастағы балаларды оқытудың негізінде қоршаған ортадағы түрлі элементтер мен өзара қатынас тантуында ғана әртүрлі сенсорлы тәжірбиенің жинақталуы арқылы маңызды рөлге ие.
Білім ортасында инклюзивті сыныптардың кеңістікті-пәндік компоненттерін қалыптастыруға мыналар кіреді: мектеп ғимаратының архитектурасы, мектепішілік жобалау құрылымының ашықтық пен жабықтық деңгейі, мектеп ғимаратындағы бөлмелердің өлшемі мен кеңістіктік құрылымы, өтуге жеңілдігі, кеңістікті бөлмелерде субъектілердің қозғалу мүмкіндігі және т.б.
Сынып бөлмелерінің қол жетімділігі инклюзивті білім ортасында алдын ала оқудың маңызды шарты. Мүгедек балаларға арналған инклюзивті сыныптардағы кеңістікке қол жетімділігі туралы сөз болғанда ең бірінші ойға келетін нәрсе баспалдақтары бар жерлерге пандустар (мүгедектерге арналған жол) орнату. Пандустар арбамен қозғалатын балалар үшін өте маңызды, бірақ тек оларға ғана емес. Ол әр түрлі құралдарды (тірек-жақтаулары, балдақ) қозғалыс үшін қолданатын балалар үшін және де қозғалу қызметі бұзылған балаларға пайдалы. Мүгедектер арбасындағы балалардың қозғалуы үшін есік жақтауларын кеңейту талап етіледі. Есіктер құрылымы жағынан кеңінен ашылатын болуы керек және арбада отырған адам есікті оңай аша алуы қажет. Сонымен қатар есік тез жабылып қалмауы керек, адамның өтіп кетуі үшін жеткілікті уақыты болуы қажет.
Инклюзивті білім ортасы үлгісінің салыстырмалы сараптама мен дұрыс таңдау жасау үшін сыныптың физикалық ортасы кеңістігінің түрлі үлгілерін қарастыру қажет. Мысалы, дәстүрлі үлгідегі сыныптардағы оқу орындарының орналасуы мынадай: парталар қатары мұғалім үстелінің алдында тақтаға қарама-қарсы орналасады, ал мұғалім алдында отырған оқушыларға қарап сабағын жүргізеді. Көптеген суреттерден сыныптағы парталардың осылай орналасқанын көре аламыз, және көптеген мұғалімдер сыныптағы парталарды оқу кезеңіне қарамастан осылай қоюды жалғастырып келеді. Көптеген сыныптарда оқушыларды оқытудың негізгі кезеңінде балалармен ұзақ уақыт бойы жұмыс істеп келе жатпаған мұғалімдер біраз өзгерту енгізіп, оқушылардың орнын ауыстырады.
Оқу орындарының бұлай орналасуының артықшылығы оқушылардың назары алдында тұрған мұғалімде болуы болып табылады. Мұғалім барлық оқушының бет-әлпетін көре алады, мұның арқасында мұғалім барлық оқушылардың тыңдап отырғандығын және сабаққа қосылып отырғандығына көз жеткізе алады. Соған қарамастан, оқу орындарының бұлай орналасуының оқу үдерісіне әсер ететін елеулі кемшіліктері бар. Ең алдымен, оқу мұғалімге орталықтандырылған болады, ал пікірталаспен қатарластарымен диалог жүргізетін оқу мүмкіндіктері бірден қысқарады. Мұндай жағдайдағы оқытудың өзінде балалар кейбір оқу материалдарын пассивті қабылдайды(chalk and talk), ал оқу үдерісінде оқушыларды тарту жүргізілмейді. Мұндай оқытуда жеке оқыту қажеттіліктеріне сәйкес болу өте қиын. Оқыту үдерісінің белсенді мүшелеріне қарағанда, оқушылар «білімді» пассивті қабылдаушылары болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет