1 ПӘННІҢ СИПАТТАМАСЫ, ОНЫҢ ОҚУ ҮРДІСІНДЕГІ ОРНЫ
1.1 Пәннің қысқаша сипаттамасы
Магистрлік диссертацияны орындау ауқымы ғылыми зерттеулер жүргізу қажеттілігімен ғана емес, сонымен қатар өз еңбегін дұрыс ұйымдастыру, уақытты тиімді бөлу, мәтіндік материалдарды логикалық құру дағдыларын меңгеру, ғылыми терминологияны қолдану, пікір-талас барысында қойылған сұрақтарға жауап беру, өз зерттеулерінің нәтижелерін дәлелді қорғау қабілеттерімен байланысты. Бұл ретте ғылыми тағылымдамалар инновациялық технологиялармен және өндірістің жаңа түрлерімен ғылыми ұйымдарда немесе тиісті салалар немесе қызмет салаларының ұйымдарында танысу үшін қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |