Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ



Pdf көрінісі
бет8/8
Дата01.11.2019
өлшемі0,99 Mb.
#50969
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
2 Бастауыш Муғалімге арналған нускаулық (1)
2 Бастауыш Муғалімге арналған нускаулық (1), 2 Бастауыш Муғалімге арналған нускаулық (1), 8888, антип ұлжан, Логистика. Транспорт и склад в цепи поставок товаров (Курганов В.М.) (z-lib.org), СРМП 15неделя, тестъ, филосоия, Уродливая любовь, doc16095991 472547029-1

 

52 

 

ГЛОССАРИЙ 



Әлеуметтік білім 

алушы 

субъект  бақылау  немесе  басқа  адамдармен  бірге  әрекет  ету 

барысында  өз  еркінен  тыс  білім  алатын  оқыту  түрі.  Bersin  & 

Associates  мамандары  әлеуметтік  оқыту  технологиясының  жеті 

бөлшегін  атады:  әңгіме  (conversation),  байланыс  (connection), 

бірлескен  жұмыс  (collaboration),  контент  (content),  [контентті] 

пайдалану  ыңғайлылығы  (consumption),  бақылау  (control)  және 

тұтынушылар контентін құру мүмкіндігі (contribution). 



Бағамдау 

(ағылш. evaluation) білім беруді ұйымдастырумен, оқу, тәрбиелеу 

және даму үдерістерімен байланысты жағдайларды, құбылыстарды 

және  іс-әрекеттерді  жүйелі  зерттеу  және  баға  беру.  Бақылаушы 

және қадағалаушы сипаты жоқ. Ол ақпаратты жүйелі түрде ашық 

жинақтау  және  талдау  негізінде,  белгіленген  мақсаттармен, 

критерийлермен  және  құндылықтармен  жүйелі  түрде  салыстыру 

негізінде  ұйымның  жұмысының  тиімділігін  анықтау  және 

жетілдіру  мақсатында  ұйым  ішінде,  сондай-ақ  сыртқы 

сарапшыларды  тарту  арқылы  өткізіледі.  Бағамдаудың  өзіне  тән 

ерекшеліктері:  жетілдіруге  бағдарлау,  диалог  түрінде  өтуі, 

жазаның  қолданылмауы.  Бағамдау  мұғалімді  «тексеруге»  емес, 

оған қолдау көрсетіп, дамуына көмектесуге бағытталған. 

Белсенді оқу 

шынайы  өмірден  алынған  және  ойдан  шығарылған  жағдайларды 

қолдана  отырып  оқушыларды  ойланып,  күрделі  мәселелерді 

шешуге жетелейді. Білім беру бағдарламасының барлық салаларын 

барлық  сатыларда  белсенді  оқу  тәсілдерімен  толықтырып, 

кеңейтуге  болады.  Белсенді  оқу  білім,  дағды  және  көзқарас  деп 

аталатын  оқудың  негізгі  үш  саласы  қамтып,  оқудың  бұл 

таксономиясын «оқу үдерісінің мақсаты» (Блум, 1956) деп санауға 

болады. 

Бірлескен оқу 

бұл тәсілдің аясында оқыту білім берушілер мен білім алушылар 

арасындағы  тығыз  қарым-қатынас  негізінде  ұйымдастырылып, 

оқыту  үдерісіне  қатысушы  әрбір  жеке  тұлғаның  жеке  үлесі  мен 

қабілеті мойындалады. Үдеріске қатысушылар ақпаратты бірлесіп 

отырып  белсенді  іздеу,  талқылау,  талдау  және  жинақтау  арқылы 

жаңа  білім  алады.  Жұмыс  тиімді  болу  үшін  ынтымақтастық  оқу 

жағдайында өкілеттік пен жауапкершілік топ мүшелері  арасында 

бөлінеді.  Ынтымақтастық  оқудың  алғышарты  топ  мүшелерінің 

бірлесіп әрекет етуі арқылы ымыраға, пәтуаға жетуіне негізделген. 



Дарындылық 

қабілеттер  иерархиясының  құрылымдық  бөлшегі.  Дарындылық  – 

өзіндік  ерекшелік,  қабілеттер  үйлесімі.  Қабілеттілік  сияқты 

дарындылық та туа бітпейді, ол дамуда өмір сүреді (Б.М.Теплов). 



Жалпы  дарындылық:  салыстырмалы  түрде  кең  және  әмбебап 

психологиялық  бөлшектердің  (жады,  зият)  дамуы.  Арнайы 

дарындылық  ерекше  қызмет  түріне  жатады.  Бұл  бөлініс  шартты, 

жалпы,  арнайы  қабілеттер  өзара  бірлікте  «өмір  сүреді». 

Адамдардың дарындылығы мен қабілеттері сандық емес, сапалық 

тұрғыдан  ерекшеленеді.  Дарындылықтың  сапалық  ерекшеліктері 

бір  адамның  бір  салада,  екіншісінің  басқа  салада  дарынды 

болуымен ғана емес, дарындылықтың қалыптасқандық деңгейімен 



53 

 

де  көрінеді.  Қабілеттерден  сапалық  айырмашылықты  іздеу  – 



психологияның маңызды міндеті.  

Джигсо әдісі 

Ең  алғаш  Джигсо  әдісін  Е.Аронсон  мен  Д.Бриджмен  (1979) 

әзірлеген. Бұл бойынша оқушылар өмірлік маңызы бар ақпаратты 

игеріп,  оларды  пазлдың  бөлшектері  сияқты  бірге  жинауға 

тартылады.  Әр  оқушы  өз  білімін  терең  түсініп,  басқаларға  оны 

үйрету керек. Яғни әр оқушы «сарапшы» рөлінде болады деген сөз. 

Сонымен  қатар,  оқушылар  құнды  ресурс  ретінде  бір-бірін 

тыңдауды үйренеді. 



Жақын арадағы 

даму аймағы 

(ЖАДА) 

– Л.Выготский енгізген ұғым; оқушының қалыптасқан дағдылары

қабілеттері  мен  оқушы  әзірше  өз  бетінше  орындай  алмайтын, 

орындау  үшін  скаффолдердің  көмегін  қажет  ететін  тапсырмалар 

ауқымында  қалыптасатын  дағдылар  арасындағы  оқу  кезеңі. 

Скаффолдер  рөлінде  мұғалім  немесе  анағұрлым  жақсы  оқитын 

сыныптастары болуы мүмкін. 

Жиынтық бағалау  Жиынтық  бағалау  оқу  бағдарламасының  бөлімдерін/ортақ 

тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан/триместр, оқу 

жылы,  орта  білім  беру  деңгейі)  аяқтаған  соң оқушының  үлгерімі 

туралы  ақпарат  алу  мақсатында  балл  және  баға  қою  арқылы 

өткізіледі 

Инклюзивті 

оқыту  

білім  алу  барлығына  да  қолжетімді  деген  қағидатқа  негізделетін 

оқыту.  Оқытуды  оқушылардың  түрлі  қажеттіліктеріне,  соның 

ішінде ерекше қажеттіліктеріне бейімдеу. 



Кері байланыс 

– белгілі бір әрекетті немесе оқиғаны түсіну, игеру, онымен келісіп, 

келіспейтіндігін көрсететін белгілі бір әрекет немесе оқиға туралы 

пікір, баға беру, жауапты реакция. 



Критериалды 

бағалау 

оқушылардың  оқу  жетістіктерін  білім  беру  мақсаттары  мен 

мазмұнына  сәйкес,  ұжым  талқысынан  өткен,  оқушыға,  ата-анаға 

және  мұғалімге  түсінікті,  нақты  анықталған  критерийлерге 

негізделген 

бағалау 


үдерісі. 

Критериалды 

бағалау 

қалыптастырушы және жиынтық бағалауды қамтиды. 



Қалыптастырушы 

бағалау 

мұғалімдерді, оқушыларды және педагогикалық үдерістің басқа да 

қатысушыларын  оқуды  жетілдіру  үшін  қажет  ақпаратпен 

қамтамасыз ететін оқудың ағымдағы бағалануы. Қалыптастырушы 

бағалау  сыныптағы  күнделікті  жұмыс  барысында  жүзеге 

асырылып, оқушының ағымдағы оқу үлгерімінің көрсеткіші болып 

табылады.  Оқушы  мен  мұғалім  арасында  кері  байланысты 

қамтамасыз  етіп,  оқу  үдерісіне  уақтылы  өзгеріс  енгізіп  отыруға 

мүмкіндік береді. 

«Қара жәшік»  

ғылым  мен  техника  саласынан  алынған  метафора,  онда  «қара 

жәшік» оның ішкі құрылымы туралы ештеңе білместен, яғни оның 

қалай қолданылатыны айқын емес (қара), тек қана енгізу, шығару, 

беру  сипаттамалары  тұрғысынан  қарастыруға  болатын  құрылғы, 

жүйе  не  объект  ретінде  қарастырылады.  Кез  келген  затты 

(құбылысты)  «қара  жәшік»  деп  атауға  болады:  транзистор, 

алгоритм немесе адам санасы.  

Ал  педагогика  ғылымында  «қара  жәшік  ішіндегі  жұмыс»  деген 

метафора  сыныпқа  қатысты  қолданылып,  білім  беру  мекемесінің 

құрылымымен шектелген жағдайды меңзейді. 

 


54 

 

Қарым-қатынас 



дағдылары 

(айтылым, 

жазылым) 

қабылдаушы  адам  ол  хабарламаны  түсінгендей  етіп  әңгіме 

барысында немесе жазбаша нысанда өз ойын білдіру қабілеті. 

Құндылықтар 

баянды, мызғымас негізгі ішкі қағидаттар мен стандарттар. Түйінді 

құндылықтар  өте  тұрақты  болып  келеді,  ал  өзгерсе  өте  баяу,  әрі 

ұзақ уақыт бойы өзгереді. Түйінді құндылықтар біздің өмір, өзіміз 

және  бізді  қоршаған  адамдар,  жалпы  адамдардың  әлеуеті  және 

қоршаған  адамдардың  әлеуеті  туралы  көзқарасымыздың 

қалыптасуына  негіз  болады.  Сондай-ақ  құндылықтар  дегеніміз 

біздің сенетін дүниеміз, олар біздің қоршаған ортаға деген қарым-

қатынасымызды және мінез-құлқымызды анықтайды. 

Қысқа мерзімді 

жоспар 

мұғалімнің  күнделікті  оқытатын  сабақтарының  сызбасы  (сабақ 

жоспары).  Сабақ  жоспарында  ненің  оқытылатыны,  оған  қалай 

көмектесуге болатыны, сондай-ақ оқуды қалай саралауға болатыны 

туралы барынша егжей-тегжейлі ақпарат ұсынылады. 

Метатану 

«Таным  туралы  таным»  деп  анықталады  және  өзінің  ойлау 

қабілеттерін  түйсінудің  айрықша  түрі.  Мысалы,  метатануға 

оқушылардың  өзіндік  оқу  және  проблемаларды  шешу 

стратегияларын түйсінуі жатады. Алғаш рет психология ғылымына 

бұл ұғымды Джон Флэйвелл енгізген болатын (J.H. Flavell, 1976). 

Автордың  айтуынша  метатанудың  маңызды  қызметінің  бірі 

өздерінің  танымдық  қызметтерінің  ерекшеліктері  туралы 

білімдерінің негізінде оқушыларға танымдық қызметтерін реттеуге 

мүмкіндік  беретін  танымдық  қызметті  рефлексиялық  бақылау 

болып табылады. 

Метатану 

стратегиялары 

білім  алушының  оқу  үдерісін  өзіндік  бақылауына  бағытталған 

басқару  түріндегі  әдістер  (мысалы,  оқу  үдерісін  өз  бетінше 

жоспарлай  білу,  мақсат  қою,  өзінің  оқу  үдерісін  бағалап,  оның 

мониторингін жүргізу қабілеті). 

Модельдеу 

1.  Таным  объектілерін  олардың  шартты  модельдері  негізінде 

зерттеу.  2.  Шын  мәнінде  бар  объектілер,  үдерістер  немесе 

құбылыстардың модельдерін құру және зерделеу. Мұндағы мақсат 

осы  құбылыстарды  түсіну,  сондай-ақ  зерттеушіні  қызықтыратын 

құбылыстарды  болжау.  Модельдеу  адамның  объектілер  туралы 

білімі  мен  сол  объектілер  арасындағы  қарым-қатынасты  көрсету 

үшін қолданылады, оқытудағы көрнекі құралдардың бірі. 



Мұғалімнің 

жетекшілігімен 

жаңалық ашу 

бұл  тәсіл  индукциялық тәсіл  ретінде де белгілі, ол әдіс бойынша 

мұғалім оқушыларға тіл бірліктерін пайдалану бойынша мысалдар 

келтіреді  және  оны  пайдаланудың  ережелерін  өз  бетінше  құруға 

көмектеседі. 

Мұғалімнің 

жетекшілігімен 

жүретін оқылым 

сындарлы оқу теориясына негізделген. Оқушылар бағалау арқылы 

алынған  ақпараттың  негізінде  оқудағы  қажеттіліктеріне  қарай 

келесі  қадамдарды  бірге  орындау  үшін  топтарға  біріктіріледі. 

Оқушылар мағынасын ашу, бұған дейінгі білімімен байланыстыру, 

жаңа  түсініктер  туралы  сын  тұрғысынан  ойлау  үдерістеріне 

тартылады.  Бұл  тәсіл  кезіндегі  мұғалімнің  рөлі  мұқият 

ойластырылған сұрақ қоя отырып, оқушыларды ойлануға жетелеп, 

жаңа білім алу үдерісінде қолдау көрсету болып табылады. 

 


55 

 

Оқу үдемелілігі 

танымдық психологияда, оқу үдемелілігі адам қабілетіне қатысты 

ұғым,  себебі  бұл  саналы  жүретін  және  адамның  еркінен  тыс 

жүретін  оқудың,  сондай-ақ  жаттығулардың  ықпалдасуы.  Оқу 

үдемелілігінде  күрделілік  деңгейі  біртіндеп  артып  отырады: 

қарапайым  тапсырмалардан  басталып,  әр  қадам  сайын 

тапсырмалар күрделене береді. 



Оқу жоспары 

белгілі  бір  пән  және  сынып  бойынша  мұғалімдерге  арнап 

әзірленетін құжат. Оқу жоспары белгілі бір  пән аясында осы пән 

бойынша  қамтылатын  материалдардың  барлығын  қамтиды  және 

онда  бұл  материалдарды  қандай  ретпен  оқытуға  және  оқуға 

болатыны ұсынылады. 



Оқу мақсаты 

оқу  бағдарламасына  сәйкес  белгілі  бір  пән  аясында  оқытылатын 

оқушылардан  күтілетін  білім,  дағдылар,  түсінік  және  біліктерін 

көрсететін тұжырым: мұғалім оқушыларға үйреткісі келетін нәрсе. 



Оқылым 

дағдылары 

көптеген  факторлар  арқылы  анықталатын  және  бастапқы 

жетістікке  жетіп,  одан  кейінгі  оқуын  соған  негіздеу  үшін  ерте 

кезден  оқыту  арқылы  белгілі  бір  дағдыларды  дамытуды  қажет 

ететін оқылым қабілеттері. 

Оқытуды саралау  Әрбір  оқушының  жеке  қабілеттеріне  сәйкес  нұсқауларды, 

тапсырмаларды, материалдарды, әдістерді т.б. іріктеу үдерісі. 



Орта мерзімді 

жоспарлау 

белгілі  бір  уақыт  аралығында  іске  асырылатын  жұмыстың  жеке 

бөліктерін жоспарлау. 

Өзара білім алуға 

көмектесетін 

диалогтік оқыту 

мұғалім  оқу  материалын  түсіндіруі,  оқушының  оны  меңгеруі; 

оқушыларды  проблемаларды  қоюға  және  оны  шешуге  қатысуға 

түрткі  болу;  олардың  білім  алуын  күшейту  мақсатында  оқу 

материалын  дайындау  және  хабарлаушы  әңгіме  өткізудің  оқу 

қағидаттарына  негізделген  реттеуші  ережелер  жүйесі.  Негізгі 



функциялары:  репродуктивтік  сұрақтар  мен  арнайы  жасалған 

проблемалық  жағдаяттардың  көмегімен  оқу  қызметінің  жаңа 

ұғымдары  мен  тәсілдерін  ашу;  танымдық  қарым-қатынасты 

жандандыру  және  оқушылардың  ойлау  және  тәжірибелік 

қызметіне  түрткі  болу,  оларда  сөз  сөйлей  білу  және  өз  бетімен 

жұмыс  істей  білу  дағдыларын  қалыптастыру;  оларға  ұжыммен 

ойлау қызметінің тәсілдерін үйрету. 

Негізгі  белгілері:  оқу  материалы  хабарлаушы  әңгіме  түрінде 

баяндалады, онда негізінен оқушыларға белгілі материал бойынша 

репродуктивтік  сұрақтар  қолданылады.  Мұғалім  проблемалық 

жағдаят тудырып, бірқатар проблемалы сұрақтар қоя алады, бірақ 

бұл  жағдайда  жаңа  ұғымдар  мен  әрекет  ету  жолдарының  мәнін 

мұғалім түсіндіреді. 



Рефлексия 

(лат.  reflexio  –  өткенге  жүгіну)  -  субъектінің  назарын  өзіне,  атап 

айтқанда,  оларды  қайта  ойлап,  қорыту  мақсатында  өз 

белсенділігінің  өніміне  аударуы.  Философияда  рефлексия  былай 

деп  түсіндіріледі:  1.  Сананың  және  ойлаудың  өзіне  жүгіне  алу 

қабілеті. 2. Жаңа білім алу мақсатында білімді талдау. 3. Сана мен 

жанның күйін өзіндік бақылау. Педагогикада рефлексия сабақтың 

бір  кезеңі  ретінде  қарастырылады.  Ол  кезде  сабақ  барысында 

алынған  білім  сын  тұрғысынан  талданып,  меңгерілген  біліммен 

салыстырылып, өзіндік түсінік пайда болады. 

 


56 

 

Сындарлылық 



теориясы 

лат.  constructivus  –  құрылымына  байланысты.  Сындарлылық 

(философия)  –  таным  бейне  ретінде  емес,  субъектінің  әлемнің 

интерпретациясын 

(моделін) 

белсенді 

құруы 


ретінде 

қабылданатын тәсіл. 

Өзінің  ой-тұжырымдарын  құру  немесе  іс  жүзіндегі  әрекеттер 

арқылы, болмаса әлеуметтік өзара іс-қимыл  арқылы ұғынылатын 

түсіністік.  Барлық  жаңа  оқулар  адам  бұған  дейін  білетіннен 

басталады,  адамның  бұдан  қандай  білім  алып  шығатыны  осыған 

байланысты болады. 

Сыни бағалау 

әрекет,  үдеріс  не  өнімнің  нәтижелілігін/құндылығын/негізділігін 

талдау және бұлардың неліктен нәтижелі/құнды/негізді болғанын 

немесе болмағанын түсіндіру қабілеті.  



Сыни талдау 

егжей-тегжейлі және сараптамалық тәсілмен бағамдау. 



Сын тұрғысынан 

ойлау 

қадағалау,  тәжірибе,  ойлану  нәтижесінде  алынған  ақпараттың 

мағынасын  тануда,  оны  бағалауда  және  талдауда  аналитикалық 

тәсілдің  қолданылуын  көздейтін  ойлау  түрі.  Бұл  келесі 

қабылданатын әрекеттерге негіз болуы мүмкін. 

Сыныптағы ахуал  бірқатар аффекттік, әлеуметтік, танымдық факторлардың, олардың 

ішінде ең негізгілері  – тұлғааралық қатынастар мен оқушыларды 

оқу-тәрбие  үдерісіне  тарту  негізінде  қалыптасатын  сыныптағы 

ахуал. 


Табыс критерийі 

мұғалім  қай  оқушының  оқу  мақсатына  «жеткені»  және  қай 

оқушының  әлі  де  «талпынуда»  екені  туралы  қалай  шешім 

қабылдайтынын сипаттайды. Әр оқу мақсатына арналған нақты бір 

табыс критерийлері мұғалім іздеуге тиіс дәлелдер туралы барынша 

толық ақпарат ұсынады. 



Талант 

ең алдымен арнайы қабілеттердің жоғары деңгейде дамуы; өзінің 

сонылығымен,  жоғары  дәрежеде  жетілдірілуімен  және  қоғамдық 

мәнімен  ерекшеленетін  өнім  алуға  мүмкіндік  беретін  қабілеттер 

жиынтығы. 

Талантты адамдарға қызметтің белгілі бір түрімен шұғылдану тән, 

олар таңдап алған ісіне құмар болады. Талантты адамның еңбегінің 

нәтижелері өздерінің түбегейлі жаңашылдығымен, бірегейлігімен 

ерекшеленіп тұрады.  

Түйіндеме 

Қысқаша қорытынды. 



Түсіну дағдылары 

(тыңдалым) 

Тыңдау арқылы түсіну; хабарланып жатқанды естіп, естігенімізді 

түсіну. 

Ұжымдық 

диалогтік оқыту 

ұжымдық  түсінуді  қалыптастыру  мақсатында  оқушылардың 

сындарлы қарым-қатынас жасауына ықпал ететін оқыту. 

 


Теруге 25.04.2017. берілді. Басуға 25.04.2017. қол қойылды. 

Пішімі 60х84/8 Кеңсе қағаз 80 гр/м

2

. Сандық басылыс. 



Шартты б. т. 9,97 . Таралымы 55 дана. Тапсырыс № 601 

«Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ типографиясында басылды. 

010000, Астана қ., №31 көше, 37а үй.

e-mail: info@cpm.kz.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет