18
-
оқушының дамуы үшін оның жеке пікірін тыңдау және бойындағы білімін, білігін,
дағдысын пайдалануының маңыздылығын мойындау;
-
оқушыларды тиянақты сараланған тапсырмалар мен жаттығулар арқылы
ынталандыру және дамыта оқыту;
-
оқушыға түсінікті тәсілмен модельдеу және есептердің шешімін табу мысалдарымен
сүйемелдеу;
-
оқушыларды оқытуда «оқу үшін бағалау» арқылы қолдау;
-
есептерді шешу мен талдау негізінде оқушылардың
зерттеу іс-әрекеттері мен
белсенділігін ынталандыру;
-
оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту;
-
оқушылардың жеке, жұппен, топпен және жаппай сынып арасында жұмыс істеу іс-
әрекеттерін ұйымдастыруды қамтиды.
«Информатика» пәнін оқытуда келесі педагогикалық тәсілдер ұсынылады:
-
саралау тәсілі – оқушылардың шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау
қабілеттерін белсенді дамытуға, оқыту қызығушылығана басқа әдіс-тәсілдер табуына
мүмкіндік береді.
-
іс-әрекет тәсілі – оқушылардың максималды өзбетінше танымдық әрекеттер негізінде
ақпараттық және коммуникациялық құзіреттіліктерін қалыптастыруға, оқытуды атқарушы
әрекетіне бағыттауына мүмкіндік береді.
-
жеке-тұлғалық тәсіл – білім беру мақсаттарын іске
асыруда мұғаліммен оқушы
арасында тең әрекеттесуді көздейді. Келесі білім беру мақсаттарын шешеді: оқушы мен
мұғалім арасындағы кедергіні бұзу, диалогтық қарым қатынасты орнату, шығармашылық
қабілетке, ынтымақтастыққа және әлеуметтік белсенділіккке талпынуға жәрдемдесу.
-
құзіреттілік тәсіл – оқушылар білім мен білікті тұтас бірге меңгеруді көздейді.
-
кіріктірілген тәсіл – «Информатика» пәнің басқа оқу пәндерімен тығыз
байланыстырады.
-
жүйелік тәсіл – «Информатика»
пәнін оқыту, курс бөлімдерін өзара байланыстыра
оқытуды қарастырады.
Бұл тәсілдер:
-
топпен жұмыс барысында оқушылар жалпы жобамен жұмыс істеуді көздейді.
Жобамен жұмыс жасау іс-әрекетінде бірлесіп жұмыс жасау маңызды рөл болып табылады,
себебі топтың барлық мүшелері өздерінің қабілеті мен біліміне сәйкес дайын өнімге өз
үлестерін қосу;
-
ғылыми-зерттеу іс-әрекетін ынталандыру – практикалық міндеттерді шешу үшін
теорияларды, әдістер мен қағидаларды пайдалану және аналитикалық, практикалық,
коммуникациялық дағдыларды дамытуына ықпал ететін нақты
оқыту мысалдарын игеру;
-
мәселелі-бағдарлы оқыту – мәселені ойлап тапқыш шығару мүмкіндігі;
-
ақпаратты жинауда, өндеуде, сақтауда және жіберуде сын тұрғысынан ойлауды
қолдану – тек «жоғары сапалы» ақпаратты пайдалану мүмкіндігі;
-
жобалық жұмыс – әрі қарай жұмысты жоспарлау, мақсат қою, әртүрлі дерек көздерден
қажетті ақпаратты алу, гипотезаны ұсыну және дәлелдеу, эксперимент жүргізу, істелінген
жұмыстың нәтижесін беру, оны талдау және бағалау, сонымен қатар өз жұмыстарын қорғау
мүмкіндігі;
-
алған білімдерін әртүрлі өмірлік жағдайларда қолдана білуге ынталандыру;
-
шығармашылық көзқарасты және дәйектемені талап ететін ашық мәселелерді қоя
білу;
-
«Информатика» пәнінің қолданбалық сипатын көрсеу мақсатында, басқа білім беру
салаларымен кіріктірілген міндеттерді пайдалану арқылы жүзеге асырылады
.