Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық


Спиральді оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет13/57
Дата18.05.2020
өлшемі0,54 Mb.
#69462
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   57
Байланысты:
2 Матем. Мұғалімге арналған нұсқаулық

Спиральді оқу бағдарламасы 

Спиральділік  қағидаты  бойынша  құрылған  оқу  бағдарламасы  Джером  Брунердің 

«Білім беру үдерісі» (1962) атты еңбегінде қарастырылған танымдық теорияға негізделеді. 

Оның  пікірінше,  ең  күрделі  материалдың  өзі  дұрыс  құрылымдалып,  дұрыс  ұсынылатын 

болса, оны тіпті кішкентай балалар да түсіне алады. Сонымен қатар, «жұмыстау негізіне 

баланың  бұрынғы  өз  тәжірибесі  перне  қоры,  мағлұматы  салынып,  дәл  айтқанда,  балаға 

танымал жақын нәрседен басталғаны» (Аймауытұлы, 1929) абзал. 

Джером Брунер адамның танымдық қабілеті шартты түрде бөлінген үш сатыдан тұрады 

деп тұжырымдайды:  

-  белсенді (жұмыс үдерісінде білім алу); 

- бейнелік (суреттер мен бейнелердің көмегімен білім алу); 

- таңбалық (сөздер мен сандардың көмегімен білім алу). 

Бұл спиральді оқу бағдарламасы тұжырымының дамуына себеп болған.  

Джером  Брунердің  жұмысына  негізделген  спиральді  оқу  бағдарламасының  негізгі 

ерекшеліктері: 

-  оқушы мектепте оқыған кезде тақырыпты немесе пәнді бірнеше рет қайталап оқиды; 

- әрбір қайталап оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта түседі; 

- жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған ақпарат 

тұрғысынан қарастырылады. 

Спиральді  оқу  бағдарламасын  жақтаушылар  оның  төмендегідей  басымдықтарына 

назар аударады: 

- оқушы пәнді қайталап оқыған сайын ақпарат толықтырылып бекітіліп отырады; 

- спиральді оқу бағдарламасы жеңіл идеялардан анағұрлым күрделі идеяларға қисынды 

жолмен ауысуға мүмкіндік береді; 

-  оқушыларды  соңғы  оқу  мақсаттарына  қол  жеткізу  үшін  бұрын  алған  білімдерін 

қолдануға жетелеу ұсынылады. 

«Математика»  пәні  бойынша  (5-6-сыныптар)  оқу  бағдарламасы  негізгі  мектептің 

«Алгебра»,  «Геометрия»  пәндерін  және  жоғарғы  мектептің  «Алгебра  және  талдау 

бастаулары» және «Геометрия» пәндерін оқуға дайындық және осы сатыда оқуға қажетті 

барлық  тақырыптарды  жүзеге  асыратын  оқу  мақсаттарының  жүйесі  негізінде  құрылған. 

Негізгі және жоғары мектеп бағдарламалары әрбір оқу мақсаты мен әрбір тақырып уақыт 

өте келе білім көлемі мен дағдылары біртіндеп тереңдетіліп, күрделеніп және жинақталып, 

қайта  қарастырылатын  «спиральділік»  қағидаты  негізінде  құрылған.  Мысалы:  Негізгі 

мектеп  5-9-сыныптар,  Жоғары  мектеп  10-11-сыныптар.  «Комбинаторика  негіздері», 

«Статистика  және  дерек  талдау»  бөлімшлері.  Оқу  бағдарламаларындағы  спиральділік 

қағидаты 4-кестеде берілген. 



 

14 


 

 

4-кесте. Оқу бағдарламаларының спиральдігі  

 

5-сынып 


Комбинаторлық есептер. Диаграмма түрлері. Статистикалық дерек алу тәсілдері 

6-сынып 


Іріктеу  тәсілмен  комбинаторикалық  есептерді  шығару.  Статистикалық  сандық 

сипаттамаларды  есептеу 

7-сынып 

басты  жиынтық,  кездейсоқ  таңдама,  вариациялық  қатар,  нұсқалық  ұғымдарын 

меңгеру. Абсолютті жиілік және салыстырмалы жиілік. Жиілік алқабы 

8-сынып 


Гистограмма. Жинақталған жиілік. Орта мән. Дисперсия. Стандартты ауытқу 

9-сынып 


Қайталанбайтын орналастыру, алмастыру және теру сандарын есептеу үшін 

комбинаторика формулалары 

10-сынып  Жуықтап есептеу үшін Ньютон биномы 

11-сынып  Кездейсоқ шаманың сандық сипаттамаларын таңдамалар бойынша бағалау 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет