Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет5/67
Дата22.08.2020
өлшемі1,05 Mb.
#76469
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67
Байланысты:
1 Мұғалімге арналған нұсқаулық
Магнетизм реферат, Магнетизм реферат, 1 лекция (2), 25.10 тапсырма, ?анда?ы ?ант к?рсеткішіні? ?алыпты де?гейі аш?арын?а? A) 1,1 2,2
Қалыптастырушы бағалау оқу процесінің ажырамас бөлігі болып табылады және ол 

оқу  процесі  барсында  мұғалім  тарапынан  жүйелі  түрде  жүргізіледі.  Қалыптастырушы 

бағалауда  баға,  балл  қойылмайды,  мұғалім  мен  оқушы  арасында  үздіксіз  кері  байланыс 

қамтамасыз  етіледі.  Қалыптастырушы  бағалау  барысында  оқушылардың  қателесуге  және 

оны түзетуге мүмкіндігі бар. Бұл білім алушылардың мүмкіндігін анықтауға, қиыншылығын 

табуға, оң нәтижеге қол жеткізуіне көмектесуге, дер кезінде оқу процесін түзетуге мүмкіндік 

береді. 

Тиімді  оқу  және  оқыту  мақсатында  білім  алушылардың  оқу  процесіндегі  ілгерілеуін, 

ағымдағы  түсінік  деңгейін  қадағалау  қажет.  Оқу  бағдарламасындағы  әр  бөлімнің  оқу 

мақсаттары,  күтілетін  нәтижелері  қалыптастырушы  бағалаудың  тәжірибелік  мазмұнын 

анықтайды.  

Сонымен  қатар қалыптастырушы бағалау процесі  стандартталмайды, яғни әр мұғалім 

қалыптастырушы бағалауды өз тәжірибесі негізінде дербес анықтай алады, оның нәтижесіне 

қатысты  жауапкершілікті  өз  мойнына  алады.  Мұғалімдердің  қалыптастырушы  бағалаудың 

әр  түрлі  әдістерін  қолдануы  оқыту  мен  бағалау  процесін  байланыстырып,  кіріктіруге 

мүмкіндік береді. 

Қалыптастырушы  бағалау  білім  алушылардың  оқу  мақсатына  жету  мониторингін 

жүргізу  және  орындалған  үй  жұмысы  мен  педагогтің  жазбаша  түрдегі  (дәптерге  немесе 

күнделікке) немесе ауызша ұсынымдамаларының қорытындысын ескере отырып сараланған 

жұмыстарды одан әрі теңестіру үшін жүргізіледі. 

Қалыптастырушы  бағалауда  педагог  білім  алушылардың  санын  және  кері  байланыс 

беру жиілігін өзі анықтайды. Қалыптастырушы бағалау нәтижелері басып шығару мен одан 

әрі сақтауды талап етпейді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет