Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық


КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ҚАҒИДАТТАРЫ



Pdf көрінісі
бет7/67
Дата22.08.2020
өлшемі1,05 Mb.
#76469
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   67
Байланысты:
1 Мұғалімге арналған нұсқаулық
Магнетизм реферат, Магнетизм реферат, 1 лекция (2), 25.10 тапсырма, ?анда?ы ?ант к?рсеткішіні? ?алыпты де?гейі аш?арын?а? A) 1,1 2,2
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ҚАҒИДАТТАРЫ 

Критериалды бағалау келесі қағидаттарға негізделеді: 

Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау оқытудың ажырамас бөлігі болып 

табылады  және  ол  оқу  бағдарламасындағы  оқу  мақсаттарымен,  күтілетін  нәтижелермен 

тікелей байланысты. Оқыту барысында мұғалім пәннің оқу бағдарламасында белгіленген оқу 

мақсаттарын  басшылыққа  алады.  Оқу  мақсаттары  сыныптар  бойынша  күтілетін  нәтижелер 

тұрғысында анықталған.  

Шынайылық,  анықтық  және  валидтілік.  Бағалау  дәл  және  сенімді  ақпаратты 

ұсынады.


 

Қолданылатын критерийлер мен құралдардың оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін 

нәтижелерді бағалайтынына сенімділік бар. 

Шынайылық (объективтілік), анықтық және валидтілік жиынтығы бағалаудың сапасын 

анықтайды.  

Шынайылыққа «өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық» немесе «қанағатанарлықсыз» 

бағалануы  мүмкін  жұмыстың  деңгейін  көрсететін  нақты  бағалау  критерийлерін  мұқият 

әзірлеу арқылы қол жеткізіледі.  

Бағалаудың шынайылығын қамтамасыз ету үшін мұғалім келесі сұрақтарға жауап беруі 

қажет: 


1.  Өте  жақсы  және  жақсы,  қанағаттанарлық және  қанағаттанарлықсыз  жұмыстардың 

бағалау критерийлері қандай болады? 

2. Анықталған бағалау критерийлері оқушыларға түсінікті ме? 

3. Бағалау критерийлері анық және бірмәнді ме? 

Оқушылар бағалауда қарастырылатын тақырыптар мен сұрақтарға ерекше көңіл бөледі, 

сондықтан бағаланатын оқу мақсаттарын іріктеуге айрықша мән берген жөн. 

Бағалау үшін оқу мақсаттарын іріктеу кезінде келесі сұрақтарды ескерген жөн: 

1. Қандай оқу мақсаттарын бағалау маңызды болып табылады?  

2.  Осы  білім,  білік-дағдылар,  құндылықтар  оқушыға  пайдалы  ма?  Оларды  оқушылар  

өмірде қолдана ма?  



Валидтілік  бағалаудың  мазмұнды  сипаттамасы  болып  табылады,  ол  бағалауды 

қаншалықты дұрыс өткізетінімізді және нақты нені өлшейтінімізді көрсетеді. Бұл қағидатты 

жүзеге асыру нені бағалау қажеттігін нақты түсіну және анықтауды; бағалау критерийлерін 

құрастыру  және  негіздеуді;  тапсырмаларды  құрастыру  және  бағалау  процедураларын 

жоспарлауды қарастырады. 

Күтілетін  нәтижеге  жету  үшін  бағалау  әдісінің  дұрыс  таңдалғанына  қалай  көз 

жеткізуге болады?  

Ол  үшін  оқушының  қажетті  білім,  білік-дағдылар  мен  құндылықтарды  меңгергенін 

анық  көрсететін  бағалау  құралын,  яғни  бағалауға  арналған  тапсырманы  немесе  жаттығуды 

таңдау қажет. 




Бұл тұста, профессор Дайана Хесстің «Өзің үйретпеген нәрсені бағалау – әділетсіздік» 

деген сөзінің маңыздылығын атап көрсетуге болады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет