Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет6/67
Дата22.08.2020
өлшемі1,05 Mb.
#76469
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67
Байланысты:
1 Мұғалімге арналған нұсқаулық
Магнетизм реферат, Магнетизм реферат, 1 лекция (2), 25.10 тапсырма, ?анда?ы ?ант к?рсеткішіні? ?алыпты де?гейі аш?арын?а? A) 1,1 2,2
Жиынтық бағалау мұғалімдерге, білім алушылар мен ата-аналарға  ұсыну үшін балл, 

баға  қою  арқылы  оқу  бағдарламасындағы  бөлім/ортақ  тақырыптар,  белгілі  бір  оқу  кезеңі 

(мысалы, оқу тоқсаны, триместр, оқу жылы, орта білім беру деңгейі) аяқталғанда өткізіледі. 

Бұл белгілі бір кезең бойынша оқушылардың оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеру деңгейін 

анықтауға, тіркеуге, жоспарлау, түзету, оқу процесіне талдау жүргізу үшін жиынтық бағалау 

нәтижелері бойынша алынған ақпараттарды қолдануға мүмкіндік береді. 

Бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша  жиынтық  бағалау  тапсырмалары  оқу  мақсаттары 

мен бағалау критерийлеріне сәйкес құрастырылады.  

Жиынтық  бағалау  құралдары  ойлау  дағдыларының  әр  түрлі  деңгейін,  соның  ішінде 

талдау,  жинақтау,  бағалауды  қамтитын  жоғары  ойлау  дағдыларын  тексеретін  деңгейлі 

тапсырмалардан тұруы қажет. 



Тиімді  қалыптастырушы және  жиынтық бағалау  білім алушы жетістігінің белгіленген 

оқу мақсаттарына қаншалықты сәйкестігін көруге мүмкіндік береді. Қалыптастырушы және 

жиынтық  бағалау  нәтижелерін  мұғалім  оқу  процесін  жоспарлау,  рефлексия  жасау  және 

өзінің оқыту тәжірибесін жетілдіру үшін қолданады. 

Егер қалыптастырушы бағалау білім алушыға нақты тапсырманы немесе сабақтағы іс-

әрекетті орындау кезінде берілетін кері байланысқа негізделсе, ал бөлім бойынша жиынтық 

бағалау процесі білім алушының белгілі бір бөлімді аяқтауы бойынша жинақтаған білімі мен 

дағдыларының деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. 

Тоқсандық  жиынтық  бағалау  мен  білім  берудің  белгілі  бір  деңгейіндегі  жиынтық 

бағалау оқушылардың оқу бағдарламасын меңгеру деңгейін анықтау үшін жүргізіледі. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет