33
ОҚУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Пәндердің оқу бағдарламасына ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарлардан тұратын
ұсынымдық сипаттағы оқу жоспары қоса беріледі.
Оқу мақсаттары жүйесі мен тәсілдеріне негізделген ұзақ мерзімді және орта мерзімді
жоспарларда мұғалімдер үшін тақырыптар мен бөлімдер бойынша сабақтар өткізу, сабақтарда
оқушыларды ұйымдастыру туралы ұсыныстар берілген, сондай-ақ сабақта қолдануға болатын
ресурстар ұсынылған (интернет, мәтіндер, жаттығулар, бейне- және аудиоматериалдары және
т.б.) Ұзақ мерзімді жоспар оқу бағдарламасының элементі ретінде оқу жылына арналған
тақырыптар мен бөлімдерді анықтайды. Орта мерзімді жоспар ұзақ мерзімді жоспармен
анықталған бағдарларды нақтылайды және ең қысқа мерзім аралығында жүзеге асырылады.
Орта мерзімді жоспарларда белгіленген кезеңге арналған негізгі міндеттер тұжырымдалады.
Онда әрбір тоқсанға немесе бөлімге арналған оқыту тақырыптары көрсетіледі (Ұлттық білім
академиясы, 2016).
Достарыңызбен бөлісу: