Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет40/68
Дата06.02.2022
өлшемі0,84 Mb.
#80052
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   68
Байланысты:
pdf1537978379
Дәрілік өсімдіктер, sro(20170512-17855) (1), бала даму картасы 2021, 21858P (1)
 
 
 


40 
ОҚУЛЫҚПЕН ЖӘНЕ ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІМЕН ЖҰМЫС 
Оқу-әдістемелік кешен (бұдан әрі – ОӘК) – оқушының пән бойынша білім мазмұнын 
игеруін қамтамасыз етуге бағытталған оқу және әдістемелік материалдардың жиынтығы.
Пән бойынша ОӘК 
оқулық, жұмыс дәптері
және 
мұғалімге арналған нұсқаулықтан
тұрады. Тілдік пәндер бойынша кейбір ОӘК-те дискілер қамтылған. Компоненттердің 
әрқайсысы өз оқу мақсатын көздейді. 
Оқулықпен жұмыс 
Оқулық – мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына және пән бойынша оқу 
бағдарламасына сәйкес нақты оқу пәні бойынша білім мазмұнын ашатын және оқушының 
білімін кеңейтіп, терең меңгеруге көмектесуге арналған оқу кітабы. Ол белгілі бір жолмен 
сұрыпталған жүйеленген материалдан тұрады. Оқу материалы оқушылардың дайындық 
деңгейіне және жас ерекшеліктеріне сәйкес келетін оқудың белгілі бір сатысында зерделенеді. 
Оқулықпен жұмыс істегенде оның мақсатты-ынталандырушы, функционалдық, 
құрылымдық-мазмұндық белгілерін ескеру қажет: 
Оқулықтың мақсатты-ынталандырушы қыры: 

оқушыларға ғылыми құралдарды, теорияны, әдістер мен тәсілдерді қолдану ережелерін 
үйрету; 

оқушыларды өз бетінше ақпарат іздеуге, сараптамалық және сын тұрғысынан ойлау 
дағдыларын дамытуға үйрету; 

әлеуметтік тұрғыдан белсенді азамат тәрбиелеу, ізгілік мұрат және демократиялық 
құндылықтарды, 
қазақстандық 
патриотизм 
сезімін, 
ғылыми 
дүниетаным 
қалыптастыру; 

ХХІ ғасыр дағдыларын қалыптастыру. 
Оқулықтың функционалдық қырын дидактикалық функциялардан көруге болады. 
Осыған байланысты оқулықтың негізгі және қосымша функцияларын атап көрсетуге болады. 
Негізгі функция ретінде оқу мақсатына сәйкес келетін үш функцияны атауға болады: оқыту, 
тәрбие беру және дамыту. 
Оқулықтың басты функциясы болып табылатын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет