10
бастауыш сынып оқушыларының таным кеңістігін ана тілі арқылы кеңейте отырып, өз елінің
тарихы мен рухани-мәдени мұраларын құрметтеуге, өз Отанын мақтан етіп, халқына қызмет
етуге ынталандырады.
Бастауыш мектепте «Қазақ тілі» пәнін оқыту мақсаты – сөйлеу әрекетінің түрлерін:
тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды дамыту арқылы тіл туралы бастапқы білімді
меңгерту және оны тілдік нормаларды сақтай отырып оқу әрекеті мен күнделікті
өмірде
қолдану. Пәннің оқу бағдарламасының мазмұны оқушының сөйлеу және ойлау әрекетін, түрлі
сала мен қарым-қатынас жағдайында тілді еркін игеруді қамтамасыз ететін коммуникативтік
іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.
Оқу бағдарламасының мазмұны мәтін түрлері, көркем шығармалар мен аутентті
материалдар арқылы оқушылардың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтыруды, оқығаны
бойынша пікір білдіруді және оны дәлелдеуді, белгілі бір тақырыпқа байланысты өз ойын
толық, жүйелі, түсінікті етіп ауызша және жазбаша
жеткізе білуге дағдыландыруды, мәтін
бойынша сұрақтар құрастырып, мүмкін болатын жауаптарды болжап, өзін-өзі бағалауды,
мәтін бөлімдері арасында мағыналық байланыс орнатуды, жоспар құруды,
сөйлеу мәдениетін
қалыптастыруды қамтиды.
«Әдебиеттік оқу» пәні – бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық және
қатысымдық дағдыларын қалыптастыруға, олардың адамгершілік және әдеби-эстетикалық
құндылықтар жөнінде түсініктерін кеңейтуге, сөйлеу мәдениетін қалыптастырып, сөз өнерін
сезінуге, көркем шығарманы оқуға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік беретін
негізгі пәндердің бірі.
«Әдебиеттік оқу» пәнінің мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының көркем
шығарманы сезіммен қабылдауы, түсінуі, санасында қайта жаңғырта алуы және шығармадан
қабылдағанын өзінің шығармашылық әрекетінде жүзеге асыруға ұмтылуы арқылы
функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқу бағдарламасының мазмұны көркем
шығармалар арқылы оқушылардың сөздік
қорын жаңа сөздермен байытуды, көркем
туындылардағы айтылған ойларға пікірін білдіруді және оны дәлелдеуді, белгілі бір
тақырыпқа байланысты өз ойын толық, жүйелі, түсінікті етіп ауызша және жазбаша жеткізе
білуге дағдыландыруды, шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетіне баға беруді, мәтін бойынша
өздігінен сұрақтар құрастырып, мүмкін болатын жауаптарды болжап,
өзін-өзі бақылауды,
өзін-өзі бағалауды, шығармадағы негізгі ойды өз бетінше тұжырымдауды, мәтін бөлімдері
арасында мағыналық байланыс орнатуды, жоспар құруды; сөйлеу мәдениетін
қалыптастыруды, көркем шығармаларды басқа өнер түрлерімен салыстыруды, көркем
шығармалардың элементтерін ажыратуды қамтиды.
Жалпы білім беру ұйымдары (мектеп, гимназия, лицей) оқу үдерісінде «білім алу жолын»
білетін, ынталы,
қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі мол, зияткерлік
тұрғыдан дамыған тұлғаны қалыптастыру қағидасын ұстанады
Оқушылардың бойында бұл қасиеттерді қалыптастыруда мұғалімдер түрлі
педагогикалық тәсілдемелер мен қолдана алады. Атап айтқанда, олар:
1) оқытудың коммуникативтік (қарым-қатынастық) тәсілдемесі (тыңдалым, айтылым,
оқылым, жазылым);
2) зерттеушілік тәсілдеме (оқушылар «не білемін? нені білгім келеді? нені білдім?»
тұрғысынан өз әрекетін талдауға үйренеді);
3) жүйелі-әрекеттік тәсілдеме (оқушылар оқу әрекетінде меңгерген жаңа білімінің
болашақта қажеттілігін түсінеді);
4) дамыта оқыту технологиясы (оқушылар өзінің іс-әрекетін жоспарлау және басқару
жолын үйренеді);
5) уәждеу, қызықтыра оқыту (оқушының оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін
«оқыту үшін бағалау» арқылы қолдау жасау);
6)
оқушылардың оқу әрекетін жеке, топтық және ұжымдық формада ұйымдастыру
11
(оқушылар бірін-бірі өзара оқытуға, бірін-бірі бағалауға, пікір алмасуға үйренеді);
7) саралап оқыту технологиясы (оқушыларды деңгейіне, мүмкіндігіне қарай оқыту,
қалыптастырушы баға арқылы қолдау).
Төмендегі кестеде (2-кеста) әрбір тілдік бағыт үшін талап етілетін мазмұн, білім мен
дағдылар көрсетілген:
Достарыңызбен бөлісу: