13
Сөйлеу әрекеттерінің түрлері («Сауат ашу» пәні)
Тыңдалым және айтылым:
Мұғалім мен өзге оқушылардың сөзін тыңдау, естігеннің мәнін түсіну, сұраққа дұрыс
және нақты жауап беру, сөз мағынасын түсіну, сөзді жұмсалу орнына және мағынасына қарай
қолдана білуі, сыныптастарымен тілдесуде сөйлеу мәдениетін сақтай отырып, өзі туралы айта
алуы. Тілдік емес амалдарды (интонация, мимика, қол қимылдары, дене қимылдары) ауызша
сөйлеуде қолдану. Сюжетті суреттер бойынша әңгімелер құрастыру, ертегілер айту. Өлеңдер,
санамақтар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар жатқа айту. Жаңылтпаштар айту арқылы
артикуляциялық аппаратты дамыту. Сөздің дыбыстық құрылымы. Фонетика: дауысты
дыбыстар, олардың жуан, жіңішке болып бөлінуі. Дауыссыз дыбыстар. Буын –
ең кіші
айтылым бірлігі ретінде. Сөздердің буындарға бөлінуі. Дауысты дыбыстардың
буынқұраушылық рөлі. Сөздің дыбыстық және әріптік құрамының сәйкестігін немесе сәйкес
еместігін нақтылау. Сөздерді қазақ тілінің орфоэпиялық заңдарына сәйкес айта білу. Сөздің
мағынасы. Сөйлем құрау. Сөйлемдерден қысқаша мәтіндер құрастыру. Тыңдаған материал
бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру, мазмұнын айтып беру.. Сюжетті сурет бойынша
немесе көргені, бастан кешкені, естігені туралы әңгімелесу. Түрлі жанрдағы шығармаларды
салыстыру. Коммуникативтік мақсаттарға сай (топта сөйлесу, сұхбатқа қатысу, сахналау,
рөлдік ойындар) сөйлеу мәдениетін сақтау, этикеттерін пайдалану, лексикалық тақырыптар
негізінде сөздік қорды кеңейту.
Оқылым
:
Сөздегі дыбыстардың саны мен бірізділігін анықтау. Дыбыстық талдау жасау.
Дыбыстардың мағына ажыратушылық функциясын түсіну. Сөздер мен сөйлемдердің
құрылымын сызба арқылы түсініп, тани білуі (сөздегі буын санын, сөйлемдегі сөз санын
анықтау). Сөздің мағынасын, сөйлемнің мәнін түсіну. Дыбыс пен әріпті ажырата білуі; әріп –
дыбыстың таңбасы екенін білу. Жазылған сөздің әріптік құрылымын тану. Дауыстап оқу.
Түрлі құрылымдағы сөздерді, 2-6 сөзден тұратын сөйлемдерді, 4-8
сөйлемнен тұратын
қысқаша мәтіндерді буындық тәсілмен тұтас оқуға үйрету, мәтінді мұғалімнің сұрағы
бойынша теріп оқу. Тұтас сөздер арқылы оқуға өту, «іштей оқу», рөлге бөліп оқу. Сөйлеудің
интонациялық ұйымдасуына бақылау жасау (аяғындағы интонация, леппен айту, сұраулы
интонация). Жылдың соңында таныс емес мәтінді оқу техникасының нормасы: минутына 20-
25 сөз бен тыныс белгілері. Қазақ тіліндегі дыбыстарды, оның ішінде айтылуы ұқсас л – р, н –
ң, с – з, с – ш, ж – ш, п – б, к – қ дыбыстарын дұрыс айтуға дағдыландыру. Орыс тілінен енген
сөздерде кездесетін дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. Оқушылардың сөздік қорын
байыту және белсендіру. Сөздердің мағынасын (мағынасы жуық сөздер, қарама-қарсы
мағыналы, көп мағыналы) ажырата алу. Мәтін туралы жалпы түсінік. Әңгімелеу мәтінін,
ерекшелігіне қарай мәтін жанрын (өлең, әңгіме, ертегі) ажырату. Әңгімелеу сипатындағы
құрылымында ақаулары бар мәтінді қайта өңдей алуы. Оқыған мәтіннің мазмұны бойынша
қойылған сұрақтарға жауап беру; оқылған мәтін мазмұнының тақырыбымен байланыстылығы,
түрлі жанрлардың
ерекшеліктерін айқындау; көркем шығарманың тақырыбын, не туралы
екенін анықтау. Қойылған сұрақтарға дұрыс жауап құрастыра білу; көркем мәтін мен өзге
(нұсқаулық, түйін) мәтіндерді интонациясын дұрыс қойып оқу (хабарлы, сұраулы, лепті) және
олардың мазмұнын айтып беру; оқыған материалға баға беру (ұнайды/ ұнамайды). Әліпби
ретімен құрылған дереккөздерден яғни суретті кітаптар, сөздіктер, анықтамалықтар,
энциклопедиялардан қажетті ақпараттарды (мұғалімнің жетекшілігімен) табу. . Мәтін, сурет,
сызба түрінде берілген ақпаратты түсіну.
Жазылым:
Сызбалардың көмегімен сөздің дыбыстық құрамын модельдеу
.
Сөйлемді модельдеу.
Жазу жұмысына дайындық жаттығулары (денені дұрыс ұстау, дұрыс отыру, дәптерді дұрыс
қою, қарындашты/қаламды дұрыс ұстау). Кеңістікте бағдарлау дағдысын қалыптастыру (жазу
жолы, жоларалық кеңістік, жолдың жоғарғы және төменгі сызығы, көлбеу, тік). Сурет салу,
14
үзік сызықтар, ирек сызықтар, әріп элементтерін жазу. Әріп элементтерін, бас әріптер мен кіші
әріптерді, сөйлемдердің буындарын графикалық
нормаларды сақтай отырып, бір-бірімен
дұрыс байланыстырып, үздіксіз әрі ырғақты жазу. Айтылуы мен жазылуында алшақтық жоқ
сөздерден, пунктуациялық ережелерді ескере отырып, диктант жазу. Сөйлем құрамындағы
сөздердің бөлек жазылу. Сөйлемнің бас әріптен басталып жазылатыны, сөйлемнің соңында
нүкте қойылатынын білу және қолдану. Сөйлем, шағын мәтіндер (3-4 сөйлем) құрастырып
жазу. Есту, есте сақтау арқылы сөздерді (3-7 сөз), жай сөйлемдерді (1-2 сөйлем) жатқа жазу.
Жазғанын үлгіге қарап тексеру; каллиграфиялық талапқа сай дұрыс жазу. Ұғымдарды
ажырату: зат және сөз заттың атауы ретінде.. Сөздің белгілі бір мағына (заттардың атын, түсін,
дәмін, көлемін, санын, іс-қимылын) беретінін ұғыну, оларды орынды қолдануға үйрету. Әріп.
Бас әріп және кіші әріп. Дыбыстардан буын құрап жазу. Буындардан сөз құрап жазу. Сөздің
мағынасы (сөздік жұмысы). Сөздерден сөйлем құрап жазу. Сөйлемдерден шағын әңгіме
(мәтін) құрау. Жазу ережелерімен танысу және оларды тәжірибеде қолдану. Бас әріппен
жазылатын сөздерді (адамның
аты-жөні, тегі, жер-су атаулары, үй жануарларына берілген
аттары) анықтау, дұрыс жазу. Заттардың атаулары мен олардың санын, сынын, қимылын
білдіретін сөздерді анықтау. Көптік жалғауды меңгеру және дұрыс қолдану. Жіктеу
есімдіктерін ауызекі сөйлеуде орынды қолдану. Тәуелдік жалғауларын ауызекі сөйлеуде
орынды қолдану. Іс-қимылды білдіретін сөздерді (етістік шақтарын) орынды қолдану.
Сөйлемнің тыныс белгілерін (нүкте, үтір, сұрақ белгісі және леп белгісі) дұрыс қойып жазу.
Мұғалім көмегімен сөздерді тасымалдау («Сауат ашу» пәні бойынша үлгілік оқу
бағдарламасынан алынды).
Достарыңызбен бөлісу: