21
Сыныпта ынтымақтастық ахуалын қалыптастырып, жағымды психологиялық орта
қалыптастыру үшін, оқушылардың арасында өзара қарым-қатынасты нығайтып, олардың
өзіне беретін бағасын көтеріп, өзі туралы пікірін жақсарту арқылы табыстылық сезімін ұялату
үшін оқушылармен түрлі жаттығу өткізуге болады. Ойын түрінде өткізілетін жаттығулар
оқушылардың өзара араласуына және мұғалім мен оқушылар арасындағы тығыз қарым-
қатынастың орнауына жол ашады.
Сабақта белсенді оқу әдістерін қолдану оқушының өзіндік рефлексия жасау
дағдыларының дамуына, сыныптағы жалпы жұмысқа үлес қосып, қатысқанын сезінуге; оқу
үдерісінің белсенді мүшесі болуына, құрдастармен қарым-қатынасының дамуына, танымдық
белсенділігінің артуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мұғалімнің сабағын қызықты
ұйымдастыруына, оқушыларының танымдық әрекетін күшейтіп, өзінің кәсіби шеберлігін
шыңдай түсуіне ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: