Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылым және жазылым
Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін
оқылым оқудың сындарлылық теориясына
негізделеді, яғни оқушылар жаңа ұғым туралы сын тұрғысынан ойлана отырып, оның мәнін,
мағынасын ұғынады, оны бұған дейінгі білімімен байланыстырады. Мұғалімнің
жетекшілігімін жүретін оқылымдағы мұғалімнің рөлі мұқият ойластырылған сұрақ қойып,
нұсқау беріп, пікір таластыруға тартып және бағамдай отырып, тапсырманы орындардың
алдында, орындау барысында және орындағаннан кейін ойлануға жетелеу әрі қолдау көрсету
болып табылады (Marchand-Martella, Martella & Lambert, 2014). Мүмкіндіктері бірдей
оқушылар топ болып мұғалім таңдаған мәтінмен немесе тапсырмамен жұмыс істейді. Олар
оқылым/жазылым әдіс-тәсілдерін пайдалануды және материалдарды өз сыныптастарымен
және мұғалімдермен талқылауды үйренеді.
Муни (Mooney, M., 1995) мұғалімнің жетекшілігімен жүретін
оқылымды былай
сипаттайды: «сіз және балалардың шағын тобы... оқып отырған әр адамға белгілі бір деңгейде
күрделі болып табылатын мәтін туралы әңгімелесу, ойлану және оны оқу. Бұл кездегі
мұғалімнің рөлі оқушылардың түсініп оқып жатқанына кепілдік беру үшін қолдау көрсетуге
бағытталған. Балаларды назарда ұстау және тыңдау. Оқылымның мақсаты – мәтін мағынасын
түсіну немесе анықтау».
Мұғалімдер пайдалана алатын аса бір тиімді әдістердің бірі «Дауыстап ойлану» деп
аталады. Мұғалім мәтінді оқиды және «дауыстап ойлайды», сол арқылы оқушыларға мәтінді
түсінуге көмектеседі (Blair-Larsen & Vallance, 1999).
Достарыңызбен бөлісу: |