Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық


Спиральді оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет15/75
Дата07.02.2022
өлшемі0,58 Mb.
#90350
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   75
Байланысты:
Қаз. тар және ҚН Мұғалімге арналған нұсқаулық (1)

Спиральді оқу бағдарламасы 
Спиральділік қағидаты бойынша құрылған оқу бағдарламасы Джером Брунердің 
«
Білім
 
беру
 
үдерісі
» (1962) атты еңбегінде қарастырылған танымдық теорияға негізделеді. 
Оның пікірінше, ең күрделі материалдың өзі дұрыс құрылымдалып, дұрыс ұсынылатын 
болса, оны тіпті кішкентай балалар да түсіне алады. Сонымен қатар, «жұмыстау негізіне 
баланың бұрынғы өз тәжірибесі перне қоры, мағлұматы салынып, дәл айтқанда, балаға 
танымал жақын нәрседен басталғаны» абзал (Ж.Аймауытұлы, 1929). 
Джером Брунер адамның танымдық қабілеті шартты түрде бөлінген үш сатыдан тұрады 
деп тұжырымдайды:
-
белсенді (жұмыс үдерісінде білім алу); 
-
бейнелік (суреттер мен бейнелердің көмегімен білім алу); 
-
таңбалық (сөздер мен сандардың көмегімен білім алу). 
Бұл спиральді оқу бағдарламасы тұжырымының дамуына себеп болған. Джером 
Брунердің жұмысына негізделген спиральді оқу бағдарламасының негізгі ерекшеліктері: 
-
оқушы мектепте оқыған кезде тақырыпты немесе пәнді бірнеше рет қайталап оқиды; 
-
әрбір қайталап оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта түседі; 
-
жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған ақпарат 
тұрғысынан қарастырылады. 
Спиральді оқу бағдарламасын жақтаушылар оның төмендегідей басымдықтарына 
назар аударады: 
-
оқушы пәнді қайталап оқыған сайын ақпарат толықтырылып бекітіліп отырады; 
-
спиральді оқу бағдарламасы қарапайым идеялардан анағұрлым күрделі идеяларға 
қисынды жолмен ауысуға мүмкіндік береді; 
-
оқушыларды межеленген оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін бұрын алған білімдерін 
қолдануға жетелеу ұсынылады. 
Орта білім мазмұнын жаңарту аясында әзірленген оқу бағдарламалары оқушылардың 
бір сыныптан екінші сыныпқа өтуі кезінде білімі мен дағдылары қайталанып, одан әрі 
дамытылып отыратын спиральді оқу бағдарламасы моделіне негізделген. Оқу үдерісінің 
алға ілгерілеуі айқын көрінуі үшін, оқу мақсаттары өзара тоғысқан бөлімдер мен 
бөлімшелерге топтастырылған. Оқушылардың сыныптан сыныпқа көшу барысында алға 
ілгерілеуіне орай, олар өздерінің дағдыларды меңгеріп, түсінуіне анағұрлым сенімді бола 
түседі. Мысалы, негізгі орта білім беру деңгейіндегі «Қазақстан тарихы» пәні бойынша 
«Әлеуметтік қатынастардың дамуы» бөлімінің «Әлеуметтік қатынастар» (3-кесте) 
бөлімшесі бойынша және «Құқық негіздері» пәні бойынша «Азаматтық құқық» бөлімінің 
«Меншік құқығы» бөлімшесі (4-кесте) бойынша оқу бағдарламасының спиральділігі, яғни 
оқушылардың алға ілгерілеуі айқын көрінеді, себебі сыныптан сыныпқа жоғарылаған 
сайын оқу материалы күрделене береді.
3-кесте. 
«Қазақстан тарихы» пәні
5-сынып 
5.1.2.1 алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігін шығармашылық түрде (әңгімелеу, 
бейнелеу, көрініс, макет) көрсету


14 
6-сынып 
6.1.2.1 Қазақ хандығындағы әлеуметтік топтардың орнын анықтау 
7-сынып 
7.1.2.1 дәстүрлі қазақ қоғамындағы өзгерістерді өткен тарихи кезеңдермен 
салыстыру арқылы анықтау 
8-сынып 
8.1.2.1 қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау
9-сынып 
9.1.2.1 қазіргі кездегі Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайын статистикалық
мәліметтер негізінде талдау 
10-сынып 
10.2.2.7 дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік институттардың функционалдық 
рөлін түсіндіру 
11-сынып 
11.2.2.4 ұлттық бірлікті және қазақстандық бірегейлікті нығайтудағы Қазақстан 
халқы Ассамблеясының рөлін сипаттау 
«Құқық негіздері» пәні бойынша спиральділік қағидаты оқу тоқсандары бойынша 
материалдың күрделенуі арқылы көрініс табады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет