Семинар
-
сабақ
.
«Қазақстан тарихы» және «Құқық негіздері» пәндері бойынша
семинар сабақта оқушылар берілген сұрақтарды жан-жақты талдап, өздерінің
көзқарастарын білдіреді. Бұл оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамытып, қосымша
әдебиеттермен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
Пән бойынша семинарды дайындау мен өткізуге қойылатын бірқатар әдістемелік
талаптар бар:
-
Семинарға әзірлену барысында оқушылар жаңадан шыққан әдебиеттерді,
дереккөздерді өз бетінше оқып үйренеді; семинарда жаңа материалдарды да оқып үйрену
көзделеді;
-
Семинарда жоспардағы негізгі мәселелер бойынша міндетті түрде ұжымдық
талқылау жүзеге асады.
-
Семинарды көбіне енді оқытылатын жаңа тақырып бойынша ұйымдастыруға
болады, бірақ онда қарастырылатын бірқатар мәселелер оқушыларға бұрыннан таныс
болғаны тиімді.
-
Семинарға алынған тақырып білімдік, тәрбиелік, оқушылардың ойлау қызметін
дамытушылық жағынан маңызды әрі қызықтыратын болуы тиіс.
- Семинардың болатыны туралы оқушыларға алдын ала бірнеше апта бұрын ескертіліп,
қарастырылатын мәселелер, міндетті және қосымша әдебиеттер тізімі беріледі.
- Оқушылардың келісімімен негізгі және қосымша баяндамашылар алдын ала
белгіленуі тиіс. Міндетті, қосымша әдебиеттерді оқушылардың барлығы оқиды, бұларға
қосымша тағы да дереккөздерді қарастырып, ғаламтор желісіндегі материалдармен
танысқаны дұрыс.
- Мұғалім баяндама жасайтын оқушыларға кеңес беріп, қажетті әдебиеттерді
таңдауына, кітапханада каталогтар мен ғылыми, мемуарлық әдебиеттермен жұмыс істеуіне,
үзінділер, шифрлар, фактілер, сөздіктер алуына, библиография жасауына көмектеседі.
- Семинарға мұғалімнің өзі де жақсы дайындалуы тиіс. Семинардың мақсатын дәл
анықтап, жоспарын мұқият ойластырып, уақытты тиімді пайдалануды жоспарлауы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |