23
ұйымдастырылады, мысалы, Қазақстан тарихы және география. Бұл пәнаралық байланысты
көрнекі көрсетуге мүмкіндік береді. Кіріспе экскурсия тақырыпқа кіріспе жасау
мақсатында ұйымдастырылады; қарастырылатын тақырыптың тәжірибелік маңызын
көрсетіп, оқушыларды сабаққа қызықтыруды көздейді. Қорытынды экскурсия
оқушылардың белгілі бір сала бойынша оқып үйренгендерін қорыту, өмірмен
байланыстыру мақсатында ұйымдастырылады.
Оқушыларға елінің тарихын өз көзімен көріп, сезіну үшін мүмкіндігінше
мұражайларға, тарихи ескерткіштер мен тарихи-археологиялық орындарға экскурсия
ұйымдастыру ұсынылады.
Экскурсия теориялық білімді тәжірибемен байланыстырумен қатар белгілі бір сала
мамандарының жұмысымен танысуға да мүмкіндік береді. Оқушыларға экскурсиядан соң
танысып-білгендері бойынша таныстырылым дайындау, баяндама жасау, т.б. түрінде ой-
түйіндеу тапсырмаларын беруге болады. Экскурсияны қорыту үшін саяхаттан алған
білімдері мен орындаған жұмыстарын бағалауға мүмкіндік беретін пікір алмасу, талқылау
түрінде қорыту сабағын өткізуге болады.
Қазақстан тарихын оқытудағы топтық экскурсияның маңызы:
- оқушылардың білімін тереңдетіп, ой-өрісін кеңейтеді;
- оқушылардың ізденімпаздығын арттырады;
- өзі тұратын өлкенің тарихын тануға, тарихи ескерткіштерді зерттеп-зерделеуге
талпындырады.
Оқушылар экскурсия барысында өздерінің туған өлкесінің тарихы, тарихта белгілі
орындар мен адамдар туралы қызықты мәліметтермен танысады, сонымен қатар,
келешектегі оқуы мен кәсіби қызметі үшін зор маңызы бар өз бетінше жұмыс істеу
дағдыларын меңгереді.
Қазақстан тарихын оқыту барысында белгілі бір тарихи орындармен және
ескерткіштермен таныстыру арқылы экскурсия ұйымдастырудың аса зор тәрбиелік маңызы
бар.
Достарыңызбен бөлісу: