Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет28/75
Дата07.02.2022
өлшемі0,58 Mb.
#90350
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   75
Байланысты:
Қаз. тар және ҚН Мұғалімге арналған нұсқаулық (1)

Иллюстрация
 
әдісі
арқылы оқушыларға иллюстрациялық құралдар: плакат, кесте, 
картина, карта, суреттер, үлгілер көрсетіледі.
Оқу үдерісіне жаңа ақпараттық-техникалық құралдарды енгізу оқытудың көрнекілік 
әдісінің мүмкіндіктерін кеңейтуде. Қазіргі уақытта көрнекі құралдың жаңа түрі – жеке 
тұлғалар қолданатын компьютерлерге, интербелсенді тақталарға, электрондық 
оқулықтарға ерекше көңіл бөлінуде. Оқу үдерісінде қолданылатын көрнекілік түрлері әр 
алуан: 
-Табиғи көрнекілік: оқушыларды нақты нысандармен (өсімдіктермен, жануарлармен, 
минералдармен) таныстырады. 
-Эксперименттік көрнекілік арқылы оқушылар пән бойынша эксперименттер,
тәжірибелер жүргізеді. 
-Суретті көрнекілік: нақты дүниенің бейнесін көрсету (бейнесурет, картина, диафильм, 
мылқау кинофильмдер). 
-Жасанды көрнекілік: макет, үлгі, муляж, геометриялық фигуралар, плакаттар, 
портреттер, панорама. 
-Дыбыстық көрнекіліктер: күйтабақтар, үнтаспаға жазылған материалдар, т.б. 
-Символдық және графикалық көрнекілік: карта, жоспар, сызба, диаграмма. 
(абстрактілі ойлауды дамытуға көмектеседі, себебі болмысты шартты белгілермен 
белгілейді) 
-Техникалық көрнекіліктер: киноаппараттар, диафильмдер, диапроэкторлар, 
эпидиаскоптар, телевизор, радио т.б. 
Оқытудың көрнекілік әдісінің мынадай шарттарын ұсынуға болады: 
-
көрнекіліктің оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес болуы; 
-
көрнекілікті сабақтың қажетті сәтінде қолдану; 
-
көрсетілетін затты барлық оқушылардың көруі
-
иллюстрацияның ең бастысын, мәндісін нақтылау; 
-
құбылыстардың көрсетілімі кезінде берілетін түсініктерді мұқият ойластыру
-
сабақта көрнекіліктің алуан түрін қолдану, бірақ тым көп көрнекілік қолданбау, 
себебі балалардың назары басқа жаққа ауып, тақырып бойынша ең негізгі мәселе назардан 
тыс қалуы мүмкін; 
-
көрнекілікті қолданып оқушының сезіміне қозғау салу, қалыптасқан түсініктерге 
сүйеніп, меңгерілетін ұғымды нақтылау
-
оқушылардың өздері жасаған көрнекіліктердің әсері мол болатындықтан, 
көрнекілікті балалармен бірге жасау; 
-
көрнекі құралдарды қолданып оқушылардың зейінін, ақыл-ой мәдениетін, жобалай 
білу дағдысын, оқуға деген қызығушылығын тәрбиелеу; 
-
балалардың жас ерекшеліктеріне қарай заттық көрнекілікті азайтып, символдық 
көрнекіліктерді қолдануға ауысу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет