Сындарлылық
теориясы
лат
.
constructivus
– құрылымына байланысты.
Сындарлылық
(философия) – таным бейнесі ретінде емес, субъектінің әлемнің
интерпретациясын
(моделін)
белсенді
құруы
ретінде
қабылданатын тәсіл. Өзінің ой-тұжырымдарын
құру немесе іс
жүзіндегі әрекеттер арқылы, болмаса әлеуметтік өзара іс-қимыл
арқылы ұғынылатын түсінік. Барлық жаңа оқулар адам бұған дейін
білетіннен
басталады, адамның бұдан қандай білім алып
шығатыны осыған байланысты болады.
Сындарлы оқу – талдау, эксперимент,
жетекшілік ету арқылы
жүргізілетін зерттеу, тапсырмаларды шешу, ойлану сияқты
белсенді зерттеу әдістерін пайдалану кезінде түсініктер мен
дағдыларды қалыптастыру арқылы оқу.
Сындарлы оқу
дағдылардың ықпалдасып, мәселені/проблеманы терең түсінуге
көмектеседі.
Талант
ең алдымен, арнайы қабілеттердің жоғары деңгейде дамуы; өзінің
сонылығымен, жоғары дәрежеде жетілдірілуімен және қоғамдық
мәнімен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік
беретін қабілеттер
67
жиынтығы.
Талантты адамдарға қызметтің белгілі бір түрімен шұғылдану тән,
олар таңдап алған ісіне құмар болады. Талантты адамның
еңбегінің нәтижелері өздерінің түбегейлі жаңашылдығымен,
бірегейлігімен ерекшеленіп тұрады.
Шығармашылық
дәстүрлі және қалыптасқан ойлау желісінен өзгеше айрықша жаңа
идеяларды әзірлеу үдерісі.
Белгілі америкалық психолог
А.Маслоудың пікірінше, бұл адамдардың барлығына тән, туа
біткен
табиғи қабілет болып табылады, алайда адамдардың басым
бөлігі тәрбесі мен оқуына және әлеуметтік тәжірибесіне
байланысты оны жоғалтып алады.
Күнделікті өмірде бұл шығармашылық қабілет әртүрлі
тәсілдер
мен заттарды пайдалану арқылы әдеттен тыс және ерекше
тәсілдермен мақсатқа жету жолдарын және шешімдерін табу
арқылы көрініс табады.