Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет33/75
Дата07.02.2022
өлшемі0,58 Mb.
#90350
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   75
Байланысты:
Қаз. тар және ҚН Мұғалімге арналған нұсқаулық (1)

Белсенді оқу 
Оқу үдерісі өзінің табиғаты бойынша ойлаудан тұруы керек және ми құрылымында 
өзгеріс туғызуға жетелеуге тиіс. Ми неғұрлым белсенді жұмыс істеген сайын, оқу үдерісі 
соғұрлым қарқынды жүзеге асады. Хэтти (Hattie, 2014) адам миы ақпаратты өңдеп, оны 
түсінуге мүмкіндік беретінін, ал мұғалімнің тоқтаусыз сөйлеуі миға шамадан тыс аса көп 
ақпарат «жүктемелейтіні» және ол оқушылардың қызығушылығын жоғалтуға әкеліп 
соғатыны, сол сәтте оқудың нәтижелілігі айтарлықтай төмендеп кететіні туралы біздің 
хабардар екенімізді мәлімдейді. Ал белсенді оқу, керісінше, оқушылардың белсенді 
қызметпен айналысу арқылы мұғалім берген ақпараттың мәнін ұғынып, алған білімдерін 
есте сақтап, оны қолдана алуын қамтамасыз етуді көздейді. Хэттидің (Hattie, 2014) мидың 
қызметін талдай отырып жүргізген шолуы дағдыларды меңгерту шеберлігі тек іс жүзіндегі 
белсенді қызмет арқылы жүзеге асатынын, демек, оқушылар тек тыңдаумен айналыспай, 
білім алуда белсенді әрекет етуі керек екендігін көрсетеді.
Қызметтің мұндай түрлері оқушылардан өздері тапқан ақпаратты талдау және 
түсіндіру үшін зерттеу және жоспарлау дағдыларын қолдануды талап етеді, болашақта өз 
дағдыларын жақсарту мақсатында басқа нәтижелерді бақылауды және талдауды қажет 
етеді.
Белсенді оқу оқушының мұғалімді енжар тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа 
тартылуын көздейтін оқыту және оқу әдістерінің бірі болып табылады. Бұл тәсілдер оқу 
үдерісі жаттығудың алдында емес, оны орындау барысында жүзеге асырылатын құбылыс 
екендігін түсіндіреді. Сабақ барысында «баланың өзін еңбектендіріп, бірлестіріп, өз 


28 
бетімен білім тапқандай қылса», «жұмыстайтын материалдар даяр түрінде емес, балалар 
тәжірибе қылып, зерттеп, өз бетімен шешкендей, тұрмыс жұмбақ түрінде берілсе» 
(Ж.Аймауытұлы, 1929) оқудың анағұрлым тиімді болатынын естен шығармаған дұрыс. 
Белсенді оқу оқушының мұғалімді енжар тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа 
тартылуын көздейтін оқыту және оқу әдістерінің бірі болып табылады. Бұл тәсілдер оқу 
үдерісі жаттығудың алдында емес, оны орындау барысында жүзеге асырылатын құбылыс 
екендігін түсіндіреді. Сыныпта қолданылатын мұндай тәсілдерге топтық жұмыстар 
(Brodie, 2000), ойын «баламалары» (Bergen, 2002) және пән бойынша белгілі тақырыптағы 
ойын түрлері кіреді (Peters, 1998). Оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамытуда ойын 
«баламалары» шынайы өмірдің белгілі бір аспектілерін модельдеу және зерттеу үшін 
ұсынылған мүмкіндік болып табылады.
Оқушыларда тарихи түсінікті дамытуға мүмкіндік беретін әдістердің бірі – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет