Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет41/75
Дата07.02.2022
өлшемі0,58 Mb.
#90350
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   75
Байланысты:
Қаз. тар және ҚН Мұғалімге арналған нұсқаулық (1)

дәлелдеу
– бірлескен тұлғааралық өзара әрекетті өрбітуге көмектесетін 
мықты педагогикалық құрал. «Қазақстан тарихы» және «Құқық негіздері» пәндерін оқыту 
барысында оқушылардың дәлелдеуді қолдану дағдылары (ақпарат дереккөздерін талдау, 
өздерінің зерттеу нәтижелерін таныстыру және талқылау) сыныптан сыныпқа көшу 
шамасына қарай күрделеніп отырады.
Дәлелдеумен бір қатарда тұрған дағдылардың бірі – проблемаларды шешу. Поляның 
(Polya, 1945) тұжырымдауынша, проблемаларды шешу – бұл: 
-
шынайы проблемамен айналысу; мәселе туралы болжам жасау, зерттеу және 
мағынасын түсіну; 
-
рәсімдерді есте сақтау ғана емес, сонымен қатар, шешімдерді іздеу; 
-
формулаларды есте сақтау ғана емес, сондай-ақ үлгілерді зерттеу; 
-
жаттығуларды орындау ғана емес, сондай-ақ болжам жасау.
Оқушыларға өз сөзімен түсіндіруге мүмкіндік бере отырып, мұғалім оларға тақырыпты 
білуі мен түсінуінің арасында байланыс орнатуға мүмкіндік ашады, сондай-ақ кез келген 
қате түсініктерін анықтай алады. Осыны іске асыру үшін мұғалім дәлелдеу тәсілін қолдана 
алады, оның төрт кезеңі бар; әр кезең бірнеше сабақты қамтуы мүмкін: 
-
елестету; 
-
салыстыру; 
-
түсіндіру және дәлел келтіру; 
-
мақұлдау (келісу). 
Дәлелдеу үдерісі зерттеуге негізделген оқу тәсілін толықтырады. Зерттеу тақырыбы 
белгіленгеннен кейін, мұғалім оқушыларға шағын топтарда жұмыс істеп, сурет, 
диаграмма, график немесе алгоритмдерді пайдалану арқылы зерттеу немесе проблеманы 
«елестетуді» ұсынады. Содан кейін оқушылар өз ақпаратын басқа топпен немесе топтармен 
«салыстыруы» керек. «Түсіндіру және дәлел келтіру» деп аталатын келесі кезең 
оқушыларға өздерінің көзқарастарын түсіндіруге, түзетуге, ретке келтіріп, кез келген қате 
пайымдауларды анықтауға мүмкіндік береді. Әрбір топ идеяларды талқылау және 
«мақұлдау (келісу)» үшін барлық сыныпқа өз шешімдерін ұсынады. 
Оқушыларға проблеманы шешуді ұсыну арқылы мұғалім оқушылардың Пиаже 
сипаттаған танымдық даму сатыларының нақты бір операциялық кезеңінде екенін есте 
сақтауы керек. Сондықтан негізгі орта және жоғары сынып оқушыларымен жұмыс 
барысында мұғалімдер оқушыларды қызықтыратын проблемалық жағдаяттар туындату 
арқылы оқытуды басшылыққа алуы керек. Бұл оқушыларды мәселенің шешімін табу үшін 
өздігінен ізденуге, білімдерін жинақтап, шоғырландыруға, жұмысының нәтижесін бағалап, 
өзінің жасаған қорытындыларына қуанып, шаттануына мүмкіндік береді.
Пәндер бойынша жаңартылған оқу бағдарламалары оқушыларға ХХІ ғасырда 
қарқынды дамып келе жатқан зияткерлік және техникалық ортада табысты болу үшін 
қажетті дағдыларды меңгертуге бағытталған. Олар оқушыларды сын тұрғысынан ойлау, 
бірлесіп жұмыс істеу, ақпаратты өңдеу, проблемаларды шешу сияқты анағұрлым жоғары 
деңгейдегі көптеген дағдыларды өз бетінше меңгеруге және зерделеуге дайындайды және 
ынталандырады. Осы дағдыларды жоғары дәрежеде меңгеру «Қазақстан тарихы» және 
«Құқық негіздері» пәндері бойынша оқу бағдарламаларында проблемаларды шешу, 
бірлескен зерттеу және ғылыми зерттеу жүргізу дағдыларына баса назар аударып, жоғары 
деңгейлі ойлау дағдыларын дамытуды көздейді. Оқыту үдерісі тәжірибеге бағытталған 
және оқушының өз білімдерін өмірде қолдана білуіне шоғырланған. ХХІ ғасырдың 
қарқынды ілгерілеу ырғағына қатар ілесу үшін, өзара тығыз байланысты және 
көпмәдениетті әлемде қалыптасқан қазіргі жағдайда оқушылардың өз бетінше оқу 
дағдыларын, коммуникативтік дағдыларды дамыту аса маңызды болып табылады. 


37 
«Қазақстан тарихы» және «Құқық негіздері» пәндері бойынша оқу бағдарламалары 
оқушылардың алдыңғы меңгерген білімдері мен дағдыларын жетілдіруге, сонымен қатар, 
жаңа түсініктерді қалыптастырып, қабілеттерін дамытуға бағдарланған. Пән бойынша оқу 
бағдарламалары оқушылардың төменде аталған мүмкіндіктерін дамытуды көздейді: 
-
зерттеу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік беру; 
-
кез келген қабылданатын ақпаратқа сын тұрғысынан қарап, талдай білу дағдысын 
белсенді дамыту; 
-
өзіндік рефлексияға және тәуелсіз, өз бетінше ойлануға ынталандыру; 
-
қазір және келешекте кез келген өмірлік жағдайда кездесуі мүмкін негізгі жаһандық 
проблемаларды түсінуге және оларға сәйкес әрекет ете білуге ынталандыру. 
Мектептегі негізгі пәндерді оқу арқылы оқушылар өз түсінігін кеңейте отырып, өзінің 
оқуы үшін жауапты болуға үйренеді. Оқушылар өзіндік көзқарасы мен пайымдауын 
қалыптастырып, дамытуға, мұқият зерделеуге және өз ойын сенімді айта білуге 
дағдыланады. Мысалы, олар дәлелдерді талдау мен бағамдауды және ойлау дағдылары 
туралы ойлануды үйренеді. Сонымен қатар, пәнаралық байланыс орнату арқылы олар 
ақпаратты тиімді пайдалануды үйренетін болады. 
Оқыту үдерісінде белгілі бір нақты пәнді зерттеу маңызды болғанымен, пәнаралық 
жұмыстарды жүргізу пәнді анағұрлым сапалы меңгеруге оң ықпалын тигізеді. Кэрридің 
(Kerry, 2007) пайымдауынша, пәнаралық байланыс тәсілі білімді өзара байланысты 
құбылыс деп санаған Джон Дьюидің еңбектеріне негізделеді. Оқыту мен оқудың бұл тәсілі 
оқытудың сындарлы тәсілімен тығыз байланысты, себебі оқушылар бірлесіп жұмыс істей 
отырып, пәндердің арасындағы мәселелерді талқылап пікірталас жүргізеді (Hayes, 2010). 
Оқушылар бір пәннің аясында үйренген мәселелерін екінші пәнге пайдалана алады немесе 
бір пәннің негізінде басқа пәнді оқуды жақсарта алады. Пәндер бойынша білімдерді 
ықпалдастыру оқушылар үшін білім беру үдерісінің өзара байланыстылығы мен маңызын 
арттыруға бағытталған. Орта және жоғары сынып оқушылары Қазақстан тарихы мен құқық 
негіздерін басқа пәндермен байланыста қарастыруы тиіс, себебі пәнаралық байланыс 
олардың оқуын барынша тиімді модельдеуге мүмкіндік береді. 
Қазақстан тарихы және құқық негіздері сабақтарында пәнаралық байланысты жүзеге 
асыру оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыруға және білім сапасын арттыруға, 
оқушылардың ғылыми ойлау деңгейін дамытуға, оқу пәндеріне біртұтас жүйелі көзқарас 
қалыптастыруға, оқушыларды шығармашылығын дамытуға және ғылыми-зерттеу 
жұмыстарына тартылуына мүмкіндік береді. Пәнаралық байланыс белгілі бір тақырып 
бойынша басқа пәндерден алған білімін пайдалану, эксперименттік жұмыс орындау,
экскурсиялық сабақ өткізу және көлемді оқу материалын жалпылама қорыту барысында 
жүзеге асады. 
Қазақстан тарихы – қазақ халқының басынан өткізген жағдайын, тарихи тәжірибиесін 
баяндайды, тарихи білімі бар адам ғана өзі өмір сүрген қоғамдағы орнын, атқаратын 
қызметін дұрыс ажырата алады. Мектепте оқытылатын пәндердің ішінде Қазақстан тарихы 
мен қазақ әдебиеті пәндері аса тығыз байланысты. Екі пән де қоғамның дамуы, ондағы 
адамдардың өмірі мен арақатынасы, атқаратын қызметі туралы және қоғамдық өмірдің 
заңдылықтарын таныстырады, қоғамдық құбылыстарды, фактілерді, оқиғаларды терең 
танып, дұрыс бағалауға тәрбиелейді. Зер салып қарасақ, қазақ қоғамының тарихи 
дамуының барысындағы елеулі оқиғалардың барлығы көркем әдебиетте суреттелген және 
жырланған. Әдебиетте тарихтың қайталанбас келбеті және өзіндік қасиеттері мен 
ерекшеліктері көркемдік тұрғыдан бейнеленіп берілген жағдайда оқырманға берер 
танымдық мәні арта түседі. Бұл Қазақстан тарихын оқытуда көркем шығарманы 
пайдаланудың маңызын арттыра түседі. 
Қазақстан тарихын оқытуда көркем әдебиетті пайдалану оқушылардың тарихи фактіні 
ойында ұзақ сақтауына әсер етеді. Өйткені тарих қоғамдық құбылыстарды, тап тартысын 
нақты деректермен дәлелдесе, көркем шығарма сол фактілерді бейнелі кескінмен 
елестетеді. Бұл оқушының шығармашылық тұрғыдан ойлануына және патриоттық сезімін 


38 
оятуға зор ықпалын тигізеді. Тарих сабағында әдебиетпен пәнаралық байланысты қолдану 
оқушыны өз бетінше ізденуге және еңбектене білуге баулуда аса тиімді тәсіл. Мысалы, 
жоңғар шапқыншылығы кезіндегі қазақ халқының жағдайын көрсету үшін Ілияс 
Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы халықтың тарихын таңба басқандай өрнектеген 
тарихи туынды. Ал Абылай ханның ХVIII ғасырда мемлекет басшысы, қолбасшы және 
дипломат болғаны және Абылайдың қазақ хандығының тәуелсіздігін сақтау жолындағы 
ішкі және сыртқы саясаттағы қызметі туралы түсіндіргенде, Абылай бейнесін Бұқар 
жыраудың толғаулары арқылы суреттесе, халқын сүйген ханның тарихтан мәңгі өшпес 
орын алғаны туралы оқушыларда айқын түсінік қалыптастыруға болады. Бұл
оқушылардың Абылай дәуірін, оның тұлғасын, сыртқы саясат саласындағы қайраткерлігін 
ғылыми тұрғыдан талдауына, саналы түрде түсіне білуіне, оның дипломатиялық қызметі 
туралы өздігінен ізденуіне бағыт-бағдар береді. 
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша сабақтарды өткізу барысында географиямен және 
әдебиетпен тығыз байланысты жүзеге асырып, белгілі ақын-жазушылардың 
шығармашылығына, еліміздің аумағындағы ежелгі қорғандар мен мәдени мұраларға назар 
аудартылады. Тарихи және географиялық карталармен жұмыс жүргізу арқылы, оқушыларға 
Ұлы Жібек жолымен жүріп өткен керуендер, ежелгі қалалар мен қорғандар туралы тарихи 
және географиялық деректерді зерделеуге мүмкіндік беру арқылы география пәнімен 
тығыз байланыс орнатуға болады. Сондай-ақ экономикалық географияның қазіргі заманғы 
ерекшеліктерін көп жағдайда сол жердің немесе басқа аумақтың тарихи дамуын еске 
түсірмей түсіндіру мүмкін емес, сондықтан география сабақтарында ғылыми деңгейді 
көтеру үшін тарихпен пәнаралық байланыс жүргізудің маңызы зор.
«Қазақстан тарихы» және «Құқық негіздері» пәндерінің пәнаралық байланысының 
негізгі шеңбері әрбір тақырыпты оқыту барысында анықталып отырады. Оларды пайдалану 
үшін мұғалім басқа пәндердің мазмұнын да білуі тиіс. Пәнді басқа пәндермен 
байланыстыра оқытудың екі түрлі тиімді жағы бар: біріншіден, Қазақстан тарихы 
оқушылардың басқа оқу пәндеріне дайындығын күшейтеді, екіншіден, өз кезегінде әдебиет, 
география, дүниежүзі тарихы пәндерінде қарастырылатын мәселелерді қатар зерттеуде оқу 
базасын толықтырады (7-кесте).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет