Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық


-кесте. «Қазақстан тарихы» пәнінің басқа пәндермен байланысы  Пән (тақырып)



Pdf көрінісі
бет42/75
Дата07.02.2022
өлшемі0,58 Mb.
#90350
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   75
Байланысты:
Қаз. тар және ҚН Мұғалімге арналған нұсқаулық (1)

7-кесте.
«Қазақстан тарихы» пәнінің басқа пәндермен байланысы 
Пән (тақырып) 
Қазақстан тарихы сабағының тақырыбы 
Құқық негіздері (Әлеуметтік нормалар жүйесінде 
құқықтың ұғымы мен рөлін түсіндіру 
«Жылымық 
кезеңіндегі» 
қоғамдық-саяси 
өмірдің ерекшеліктері
Дүниежүзі тарихы (Ұлы Жібек жолы Шығыс пен 
Батысты қалай байланыстырды) 
Ұлы 
Жібек 
жолының 
халықаралық 
байланыстардың дамуына ықпалы 
Қазақ әдебиеті (Тарихи шындық пен көркемдік 
шешім) 
Кеңестік әдебиет пен өнер туындыларында
қоғамдық өмірдің бейнеленуін талдау 
География (Халық географиясы. Дүниежүзінің 
тарихи-мәдени аймақтарының қалыптасуы
Түркі 
тілдес 
халықтардың 
миграциясы 
Еуразия тарихына қаншалықты әсерін тигізді 
Сабақты жоспарлау барысында тиімді пәнаралық байланысты жүзеге асыру мұғалім 
мен оқушылардың бірлесе жұмыс жүргізуінің тиімділігін арттыруға ықпал етіп, сабақтың 
сапасын жақсартады және оның тәрбиелік ықпалын күшейтеді. Сондай-ақ пәнаралық 
байланыс зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында маңызды орын алады. Проблеманы 
шешу қабілеті оқушылардың ғылыми танымдық тұрғыдан ойлауды үйренуіне мүмкіндік 
береді. Олардың алдында кішірейтілген үлгідегі танымдық үдеріс көрініс табады, оның 
логикалық құрылымы: мәселені қою – болжамдар жасау – оны тәжірибе жүзінде тексеру – 
қорытындылар (немесе жаңа мәселе). Оқушылар ғылыми білімнің қандай жолмен 


39 
игерілетінін көріп, дүниенің танымдық сипатына көз жеткізеді. Проблеманы шешуге 
арналған тапсырмалар оқушыларға таныс емес мәселелерді қамтып, білуге құмарлықты, 
жаңа нәрсені/ жаңалықты ашуға және оны негіздеуге ынталандыруы керек. Мысалы, 
сабақта проблеманы шешуге арналған тапсырмалардың келесі түрлерін қолдануға болады: 
себеп-салдарлық байланыстардың үзілуі; «... мәселесін қалай түсіндіруге болады»; «қалай 
дәлелдеу қажет?» және т.б. Мұндай тапсырмалар оқушыларды стандартты рәсімдерді 
қолданбай, белсенді оқуға ықпал ете отырып, шешімдерді іздестіруге және өңдеуге, 
үлгілерді зерттеуге итермелейді. Мәселен, Қазақстан тарихы сабағында оқушыларға 
картографиялық білімі мен дағдыларын пайдаланып, түркі тілдес тайпалардың 
территориялық орналасуын картада бейнелеуді ұсынуға болады. Тапсырмаларды орындау 
барысында оқушылардың өткен сабақтарда және басқа пәндерден алған білімін естеріне 
түсіріп, қолданғаны маңызды. Бұл оқушыларға өздерінің алға жылжуын нығайтуға және 
басқа пәндермен пәнаралық байланыс орнатуға ықпал ететін болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет