Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық


Қысқа мерзімді жоспар (сабақ жоспарын) әзірлеу



Pdf көрінісі
бет45/75
Дата07.02.2022
өлшемі0,58 Mb.
#90350
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   75
Байланысты:
Қаз. тар және ҚН Мұғалімге арналған нұсқаулық (1)

 
Қысқа мерзімді жоспар (сабақ жоспарын) әзірлеу 
Қысқа мерзімді жоспар немесе сабақ жоспарын дайындау барысында мұғалім 
оқушылардың жеке қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, саралап оқыту 
тәсіліне ерекше назар аударғаны жөн. Қысқа мерзімді жоспар мұғалімге сабақты тиімді 
құруға көмектеседі. Ол үшін мұғалім оқу материалы мен сабақтағы әрекетті мұқият іріктеп 
алуы керек. Әр сабақтан кейін мұғалім оқушылар меңгере алмаған немесе түсінбеген 
жерлерін анықтау мақсатында сабақты талдап, рефлексия жасап отыруы керек. 
Қысқа мерзімді жоспар құрған кезде мұғалім төмендегі ұсыныстарды басшылыққа ала 
алады: 
-
сабақты құрғанда оқу бағдарламасы мен оқу жоспарында көрсетілген оқу 
мақсаттарын басшылыққа алу; 
-
сабақтың мақсатын анық тұжырымдау, яғни нақты, өлшемді, қолжетімді, шынайы 
мақсаттар қою; 
-
оқу жоспарында көрсетілген барлық жаттығуларды, әдістемелік кеңестерді, 
ресурстарды мұқият зерделеу
-
мұғалімнің қалауы бойынша қажеттілігіне қарай жаттығу түрі толықтырылып 
отырады. 
Мұғалім жалғыз білім көзі ретінде емес, оқушылардың өздерінің оқу-танымдық 
қызметінің белсенді ұйымдастырушысы ретінде қызмет етуі тиіс (Ұлттық білім 
академиясы, 2016). 
Сабақ жоспарлауды бастағанда мұғалім бұл сабақтың мақсаты қандай болатынын 
шешеді. Сабақтың мақсаты оқу бағдарламасында қарастырылған оқу мақсатына сәйкес 
келуі керек, бірақ оқу мақсаттарының барлық тармақтарын қамтуы міндетті емес. Яғни, бір 
оқу мақсаты бірнеше сабаққа негіз болып, алайда ол сабақтардың мақсаты әртүрлі болуы 
мүмкін. Мысалы, «Қазақстан тарихы» пәні бойынша 8-сыныптағы «
Әлеуметтік
 
қатынастардың
 
дамуы
» бөлімінің 
1.2 
Әлеуметтік
 
қатынастар
бөлімшесі аясындағы оқу 
мақсаттарының бірі: 
8.1.2.1 
қазақ
 
зиялыларының

қоғамдағы
 
рөлі
 
мен
 
қызметін
 
талдау
.
Сабақ мақсатында оқушының қадағалауға болатын іс-әрекеті, белсенділігі/мінез-құлқы 
сипатталып, оқушылар оқу нәтижесінде не үйренуге тиіс екені туралы жазылады. Сабақ 
мақсатын тұжырымдау барысында олар оқушылардың сабақ соңында не істей алу керектігі 
тұрғысынан белгілі бір нәтижелерді сипаттауы керек екенін есте ұстаған жөн. Бұл: 


42 
-
сабақта мұғалімнің не істейтініне емес, оқушылардың немен айналысатынына назар 
аударуға; 
-
сабақты жоспарлауды жеңілдетуге; 
-
оқуды бағалауды жеңілдетуге
-
оқыту мен оқуды бағамдауды жеңілдетуге көмектеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет