Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет46/75
Дата07.02.2022
өлшемі0,58 Mb.
#90350
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   75
Байланысты:
Қаз. тар және ҚН Мұғалімге арналған нұсқаулық (1)

 
Сабақты жоспарлау 
Сабақ мақсатын анықтаған соң, мұғалім осы мақсатқа қол жеткізу үшін сабақты қалай 
жоспарлау керек екендігін шешеді. Сабақ мақсатына жету үшін мұғалім бірқатар белсенді 
оқу тәсілдерін қолдана алады. Дәстүрлі дидактикалық оқыту әдістерінде жекелеген 
оқушының тұлғалық дербестігіне, ұмтылысы мен ынтасына, мүдделері мен дағдыларына, 
оқу ерекшеліктеріне жеткілікті дәрежеде мән берілмейтін. Оқыту мен оқудың заманауи 
әдістері оқушылардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескеру арқылы оқу үдерісін 
ұйымдастыруға аса мән береді және бұл бағыттағы мұғалімнің табыстылығы оқушылардың 
оқу үлгеріміне оң әсерін тигізеді. Мұғалімдер пән бойынша оқу бағдарламасының 
талаптарын орындау үшін, сонымен қатар, оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру 
үшін сабақты барынша тиімді жоспарлауы қажет. 
Мысал ретінде 5-сыныпта 
Мәдениеттің
 
дамуы
 
бөлімінің
 3.2 
Әлкей
 
Марғұлан
 
қола
 
дәуірі
 
ескерткіштерінің
 
қандай
 
сырын
 
ашты

тақырыбы 
бойынша
 5.2.2.5
Ә
.
Марғұланды
 
ғалым
-
археолог

ретінде
 
айқындау
 
және
 5.2.2.2
археологиялық
 
деректерге
 
сүйене
 
отырып

Андронов
 
мәдениетінің
 
белгілерін
 
анықтау
деген оқу мақсаттарына байланысты мұғалім 
барынша белсенді сабақ жоспарын әзірлей алады: 
-
мұғалім оқушыларға слайдтан Ә.Х.Марғұлан суретін, кітаптарын, Беғазы-Дәндібай 
ескерткішінің суреттерін көрсетіп, оқушыларға сұрақтар қойып, болжам жауаптарын 
тыңдайды; 
-
оқушылардың болжамдарын тыңдағаннан кейін, мұғалім Ә.Х.Марғұланның қола 
дәуірін зерттеуі туралы мәлімет береді; 
-
мұғалім оқушыларға Сандық білім беру ресурстарындағы №105 интербелсенді 
сабақты тыңдатады (http://e-history.kz/kz/scorm/course/181); 
-
оқушылар материалдан сандық мәліметтерді жазып алады; 
-
оқушылар материалдан сапалық мәліметтерді жазып алады; 
-
оқушылар адамдардың антропологиялық ерекшеліктеріне байланысты мәліметтерді 
жазып отырады; 
-
оқушылар интербелсенді сабақ материалына қатысты туындаған сұрақтарды 
дайындайды;
-
мұғалім алынған ақпараттарды жинақтап, жүйелеу үшін топтық жұмысты 
ұйымдастырады; 
-
топтар ДЖИГСО әдісін пайдалана отырып, өздерінің түртіп алған ақпараттарымен 
бөлісіп, талқылайды.
-
оқушылар бейнематериалдағы мәтінді қалпына келтіру үшін топта бірігіп жұмыс 
жасап, оқиға желісін құрастырады; 
-
оқушылар топ болып Беғазы Дәндібай мәдениетінің ерекшеліктерін анықтайды және 
өз жауаптарын дәйектер келтіре отырып дәлелдейді; 
Беғазы Дәндібай мәдениетінің ерекшеліктерін анықтау үшін оқушылар тас дәуіріне 
жататын тұрақтармен салыстырады. 
Барынша тиімді оқуды жоспарлау үшін төмендегідей бірқатар мәселелерді ескерген 
жөн: 
-
Сабақта 
көптеген
 
жаттығу
 
түрлерін
жоспарлауға тырысу қажет. Бір сабақта 
мұғалім төрт, бес немесе одан да көп жаттығу түрін қамти алады. Аз уақыт алатын, айталық, 
10 минуттық жаттығу дайындауға болады. Әдетте баланың назары бір нәрсенің төңірегінде 
ұзақ шоғырланып тұра алмайтынын естен шығармау керек. 


43 
-
Мұғалім сабақ барысында бір жұмыс түрінен екіншісіне 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет