қаншалықты
икемді
?
Оқушының
көп
түсіндіруді
қажет
ететін
қызықты
сұрағы
,
дыбыс
-
бейне
құралдарды
пайдаланудағы
қиындықтар
,
әлдебіреудің
сырттан
рұқсатсыз
кіріп
келуі
сияқты
күтпеген
оқиға
туындаса
,
оларды
қалай
шешемін
?
-
Оқушылар
ұсынатын
кері
байланысқа
қатысты
,
оны
қалай
жіктеп
,
жазып
және
талқылаймын
?
Төмендегі сұрақтар мұғалімге сабақтан кейінгі рефлексия жасауға мүмкіндік береді:
-
Менің
оқушыларым
бүгін
не
үйренді
?
Бұған
не
әсер
етті
?
-
Сабақта
ештеңеге
үйренбеген
балалар
болды
ма
?
Мұның
себебі
қандай
?
-
Сабақта
қолданған
әдістерім
сәтті
болды
ма
?
Сабақ
бұдан
да
сәтті
өтуі
үшін
басқа
қандай
әдіс
қолдануым
керек
еді
?
-
Сабақта
ерекше
бір
жағдай
байқалды
ма
?
Бұл
неліктен
осылай
болды
?
-
Сабақта
оқушылардың
жинақтаған
білімі
мен
тәжірибелері
,
қызығушылық
танытатын
салалары
есепке
алынды
ма
?
Мұны
қалай
жақсартуға
болатын
еді
?
-
Сабақты
оқушылардың
іс
-
әрекеттері
мен
жауаптарына
қарай
бейімдей
алдым
ба
?
-
Оқушыларым
сабақта
бірігіп
жасаған
қорытындыларымызға
қалай
қарады
?
Сабақтан
қандай
көңіл
-
күймен
шықты
?
Сыныптағы
орта
оларға
жайлы
болды
ма
?
-
Мен
сыныптағы
тәртіпті
басқара
алдым
ба
?
Менің
қандай
әрекеттерім
жақсы
шықты
,
қандай
әдістерім
сәтсіз
болды
?
Неліктен
?
Нені
басқаша
жасауым
керек
еді
?
-
Сабақта
менің
көңіл
-
күйім
біркелкі
болды
ма
?
Мен
өзімді
ұстай
білдім
бе
?
Болашақта
нені
ескеуім
керек
?
-
Сабақта
мен
үшін
ең
қиыны
не
болды
?
Қандай
жағдай
ерекше
назар
аударуымды
44
қажет
етті
?
Неге
?
Келесі
жолы
мұндай
жағдайда
не
істеуім
керек
?
-
Сабақтағы
оқу
әдістерім
сәтті
болды
ма
?
Оқушылардың
меңгерген
білімдері
менің
үйрету
тәсілдеріммен
байланысты
ма
?
Келешекте
нені
есепке
алуым
керек
?
-
Бұл
сабақты
басқаша
өтуге
болатын
ба
еді
?
Қалай
?
Сабақтың
қандай
жағына
көбірек
көңіл
бөлу
керек
:
мазмұндық
,
әдістемелік
,
эмоциялық
?
-
Сабақта
оқушыларымды
ынталандыра
алдым
ба
?
Оқушылардың
ішкі
уәжін
ескердім
бе
?
Оқушыларды
табысқа
бағыттаудың
тағы
да
қандай
жолдары
бар
?
-
Бағалауда
қаншалықты
шынайы
болдым
?
Бағалау
оқушыларға
қалай
әсер
етті
?
-
Оқушыларға
сабақта
өздерін
басқаруға
мүмкіндік
болды
ма
?
Бұл
қайдан
,
калай
көрінді
?
-
Сабаққа
дайындалғанда
бұл
саладағы
теорияға
сүйендім
бе
?
Өткізген
сабағым
таңдаған
теорияма
қаншалықты
сәйкес
болды
?
-
Осы
сабақтан
кейін
мен
өзіме
қандай
жаңалық
аштым
,
нені
жетік
түсіндім
?
Табысты
мұғалім
болу
үшін
тағы
не
істеуім
керек
?
45
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ
Критериалды бағалау
Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын-ала белгіленген
критерийлердің (Роберт Юджин Глейзер енгізген ұғым, Glaser, R., 1963) нақты
жиынтығының көмегімен өлшенеді. Бұл нормаға негізделген бағалаудан өзгеше. Нормаға
негізделген бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі олардың сыныптастарының үлгерімімен
салыстырылып қойылады.
Критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалаудан
тұрады.
Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады,
оқушылардың дағдыларының қалыптасу және білімді меңгеру деңгейін көрсетеді, оқудағы
қиындықтарды анықтап, оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарыны қол жеткізуге
көмектеседі. Бағалаудың бұл түрі оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты
қамтамасыз етеді, балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалау мұғалімдерге, оқушылар мен ата-аналарға оқушылардың оқу
жетістіктері туралы ақпарат ұсыну үшін оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ тақырыптар
және белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан/триместр, оқу жылы, орта білім беру деңгейі)
аяқталғанда балл, баға қою арқылы өткізіледі.
Қалыптастырушы және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады,
алайда бағалау тәсілдері пәннің мазмұны мен ерекшеліктеріне байланысты ерекшеленуі
мүмкін. Оқушылардың оқу жетістігін қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың
нәтижелері оқу үдерісі барысында ата-аналарға ұсынылады. Қалыптастырушы және
жиынтық бағалау пәннің оқу бағдарламасының мазмұнына негізделеді.
Бағалау тақырыбы бойынша мұғалімдер үшін «Бастауыш сынып мұғалімдеріне
арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық», «Негізгі орта және жалпы орта білім
беретін мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық»,
«Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойынша
нұсқаулық», «Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар», «Қалыптастырушы
бағалауға арналған тапсырмалар жинағы» әдістемелік құралдары дайындалған.
Қалыптастырушы бағалау
Жоғарыда айтылғандай, мұғалім оқушылардың дағдысының қалыптасу және білімді
меңгеру деңгейі туралы ақпарат алу, оқу үдерісін түзету, оқушыларға кері байланыс ұсыну
және оқушыларды ынталандыру үшін оқу үдерісінде қалыптастырушы бағалауды
жүргізеді.
Қалыптастырушы бағалаудың негізгі функциялары:
қалыптастыру
– тәжірибе жүзінде құндылықтар жүйесін белгілеу, қалыптастыру және
бекіту;
ынталандыру
– оқушының күтілетін нәтижеге қол жеткізуі, тиімді түрде алға ілгерілеуі
үшін қолайлы жағдай жасау;
уәждеу
– оқушылардың бойында оқуға және нәтижеге қол жеткізуге деген ынтаны
ояту.
Қалыптастырушы бағалаудың түйінді міндеттері
-
оқу мақсаттарын, бағалау критерийлерін анықтау, оқушыларға ұсыну;
-
оқушылардың білім алғандығының дәлелдерін жинауға бағытталған сыныпішілік оқу
үдерісін ұйымдастыру;
-
оқушыларды дамытуға жағдай жасайтын сындарлы кері байланысты қамтамасыз ету;
-
оқушыларды бірін-бірі бірлесе оқытудың сапалы көзі ретінде қатыстыру;
-
оқыту және оқу үдерісінде бірлескен оқуды қолдайтын ынтымақтастық ортасын құру;
-
оқушыларға өзінің оқуын «құрушы/жасаушы» ретінде жағдай жасау болып табылады.
46
Тиімді оқыту және оқу мақсатында оқушылардың түсіну деңгейін анықтау үшін
олардың оқу мақсаттарына жеткендігінің немесе алға ілгерілеуінің деңгейі қадағалануы
тиіс. Мұғалімнің іс-әрекетіндегі қалыптастырушы бағалау үдерісі төмендегі кезеңдерді
жүзеге асыруды талап етеді:
-
қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру және жоспарлау;
-
қалыптастырушы бағалау әдістерін таңдау;
-
оқыту мен оқу үдерісінің бөлігі ретінде қалыптастырушы бағалау жүргізу;
-
қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау;
-
кері байланыс ұсыну;
-
қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау негізінде оқу мен оқытуды түзету.
Достарыңызбен бөлісу: |