Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет53/75
Дата07.02.2022
өлшемі0,58 Mb.
#90350
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   75
Байланысты:
Қаз. тар және ҚН Мұғалімге арналған нұсқаулық (1)

Оқулықпен жұмыс 
Оқулық – мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына және пән бойынша оқу 
бағдарламасына сәйкес нақты оқу пәні бойынша білім мазмұнын ашатын және оқушының 
білімін кеңейтіп, терең меңгеруге көмектесуге арналған оқу кітабы. Ол белгілі бір жолмен 
сұрыпталған жүйеленген материалдан тұрады. Оқу материалы оқушылардың дайындық 
деңгейіне және жас ерекшеліктеріне сәйкес келетін оқудың белгілі бір сатысында 
зерделенеді. 
Оқулықпен жұмыс істегенде оның мақсатты-ынталандырушы, функционалдық
құрылымдық-мазмұндық белгілерін ескеру қажет: 
Оқулықтың мақсатты-ынталандырушы қыры: 

оқушыларға ғылыми құралдарды, теорияны, әдістер мен тәсілдерді қолдану 
ережелерін үйрету; 

оқушыларды өз бетінше ақпарат іздеуге, сараптамалық және сын тұрғысынан ойлау 
дағдыларын дамытуға үйрету; 

әлеуметтік тұрғыдан белсенді азамат тәрбиелеу, ізгілік мұрат және демократиялық 
құндылықтарды, қазақстандық патриотизм сезімін, ғылыми дүниетаным қалыптастыру; 

ХХІ ғасыр дағдыларын қалыптастыру. 
Оқулықтың функционалдық қырын дидактикалық функциялардан көруге болады. 
Осыған байланысты оқулықтың негізгі және қосымша функцияларын атап көрсетуге 
болады. Негізгі функция ретінде оқу мақсатына сәйкес келетін үш функцияны атауға 
болады: оқыту, тәрбие беру және дамыту. 
Оқулықтың басты функциясы болып табылатын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет