29
назар аударғаны дұрыс, себебі жеке тұлға ретінде және кәсіби тұрғыдан өсу осы
психологиялық өлшеммен тығыз байланысты. Оқушыға тиісті еркіндік беру, топтық жұмыс
түрлерін ұйымдастыру, оқу материалын маңызды ақпараттармен қамтамасыз ету
оқушының оқуға деген ішкі уәжіне игі ықпал етеді. Сонымен қатар, заман талабына сай
оқушысына берері, айтары көп болуы үшін мұғалімнің өзі де үнемі білімін жаңартып,
жетілдіріп отыруы тиіс.
Мұғалімдер кері байланыстың
көмегімен және модельдеу, көрсету, сұрақ қою,
бақылау, танымдық ойын түрлерін қолдану арқылы оқушылардың оқу жетістіктерінің
ілгерілеуіне үнемі қолдау көрсетуі керек. Оқушылардың пән бойынша терең білім алу
мұғалімдердің дағдыларына да байланысты, яғни олар оқушылардың жаңа білімдерін бұған
дейінгі білімдерімен ұштастыра алуын бақылай білулері маңызды. Бұл үдеріс әр оқушының
жеке дағдысы мен қабілеттеріне байланысты әртүрлі болады. Сол себепті мұғалімдер әр
оқушы үшін оқу үдерісінің келесі қадамдарын анықтап, әрі қарай ілгерілеуіне септігін
тигізу үшін жекелеген оқушыларды үнемі бағалап отыруы керек. Бақылай отырып, оқудың
келесі қадамдарын анықтау үшін ақпаратты пайдалану тәсілі
метаталдаудың көмегімен
білім беру шараларының табысты түрлерінің бірі ретінде танылып, соңғы 20 жыл ішінде
халықаралық деңгейде мойындалып отыр (Black and William, 1998).
Белсенді оқу барысында мұғалімдер:
-
барлық оқушылардың оқу үдерісіне қатысуын қамтамасыз ететін жағымды оқу
ахуалын қалыптастыруға;
-
сенімді, жауапты, белсенді, жаңалыққа ұмтылатын және өзінің іс-әрекетін талдап,
рефлексия жасай білетін оқушыларды тәрбиелеуді мақсат етуге;
-
оқушылардың дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмалар мен белсенді әдіс-
тәсілдерлі қолдануға;
-
алға қойылған оқу мақсаттарына қол жеткізу арқылы жоспарланған сабақты тиімді
өткізу үшін
материалдарды, ресурстарды және қосымша құралдарды пайдалана отырып;
бүкіл сынып қатысатын, топтық немесе жұптық жұмыс түрлерін, оқушылардың жеке
жұмыс істеуін ұйымдастыруға;
-
оқушыларды мадақтап, оқуға еліктіре, қызықтыра отырып, ұғымдарды түсіндіруде
және мағынасын ашуда, нұсқаулық беруде түсінікті, анық, қарапайым тілді пайдалануға;
-
оқушылардың
оқуын бақылап, оларға кері байланыс ұсынуға тиіс.
Сыныпта ынтымақтастық ахуалын қалыптастырып, жағымды психологиялық орта
қалыптастыру үшін, оқушылардың арасында өзара қарым-қатынасты нығайтып, олардың
өзіне беретін бағасын көтеріп, өзі туралы пікірін жақсарту арқылы табыстылық сезімін
ұялату үшін оқушылармен түрлі жаттығу өткізуге болады. Ойын түрінде өткізілетін
жаттығулар оқушылардың өзара араласуына және мұғалім мен оқушылар арасындағы
тығыз қарым-қатынастың орнауына жол ашады.
Оқу үдерісінде оқушылар толықтай өздігінен білім алатын сабақтардан гөрі, мұғалім
қажетті жағдайларды жасап, көмекпен қамтамасыз ететін сабақтарда жоғары нәтижелерге
жетуі мүмкін. Осы нәтижелерге жетудегі маңызды тәсілдердің
бірі мұғалімнің әрбір
оқушымен кері байланыс орнатып, келешектегі мақсаттарды айқындауы болып табылады.
Белсенді оқу үдерісінде мұғалім үшін:
ой салып, ынталандыратын материал ұсыну;
оқушылар ғылыми жоба барысында пайдалана алатын тәжірибелік және
эксперименттік дағдыларды қалыптастыру;
оқушыларға өздері қызығатын салаға қатысты сұрақ тұжырымдауға көмектесу;
жұпта, шағын топта және құрамы өзгеріп отыратын жұпта жұмыс істеуге арналған
жаттығу дайындау;
оқушыларды бір-бірімен сұхбаттасуға жетелеу;
оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру және мүдделерін
есепке алу;
оқушыларды өз бетінше ойлануға бағыттау;
оқушыларға өздерінің ойлау және зерттеу дағдыларын қолдануды еске салу;