21
олардың балаларды тиімді оқуға жетелеу қабілеті соғұрлым арта түспек. Ауқымды зерттеу
жүргізу арқылы оқушылардың үлгеріміне ықпалы зор әдіс-тәсіл ретінде төмендегі
стратегиялар анықталды:
-
белсенді оқу;
-
кері байланыс;
-
сенімін нығайту (мысалы, оқушының өзіне деген, өз мүмкіндігіне
деген сенімін
нығайту үшін мадақтауды пайдалану, қолдау көрсету);
-
оқыту сапасы (мысалы, көптеген саралау жаттығуларын жоспарлау және іске асыру).
Оқушылардың оқу-танымдық әрекетін күшейту олардың шығармашылық қабілеттерін
дамытуды көздейді. Оқушылар жоғары жетістіктерге жетуі үшін мұғалімдер сабақта
белсенді оқуды қолдайтын оқыту тәсілдерін қолданады. Оқу үдерісінде оқушының
белсенділігін арттыратын әдіс-тәсілдерді шеберлікпен қолдану оқушылардың танымдық
қабілеттерін дамыту құралы болып табылады.
Қазақстан тарихы мен құқық негіздерін
оқыту тәжірибесінде сабақ, конференция,
дәріс, практикум, экскурсия, қосымша факультативтік сабақтар арқылы оқыту түрлері және
келесі тәсілдер кенінен қолданылады: әңгімелеу, сұхбат, кітаппен жұмыс істеу, бақылау,
экрандық оқу құралын көру, тәжірибелік жұмыс.
Сабақ
сыныпта оқу үдерісін ұйымдастырудың негізгі үлгісі болып табылады.
Қазақстан тарихы мен құқық негіздерін оқытуда сабақтың келесі түрлері қолданылады:
жаңа білімді игеру сабағы, білімді тәжірибеде қолдану сабағы, өткен тақырыпты пысықтау
және қайталау сабағы, білімді бақылау және жинақтау сабағы, аралас сабақ. Сабақтың түрі
сабақтың дидактикалық мақсаттарына байланысты таңдалады. Жеке, жұптық, топтық және
ұжымдық жұмыс түрлері арқылы оқыту сабақтың барлық түрлеріне тән болып табылады:
-
жеке жұмыс – оқушының
жұмысты өз бетінше орындауы;
-
жұптық жұмыс – «оқушы-оқушы», «оқушы-мұғалім» тәртібіндегі жұмыс түрі;
-
топтық жұмыс – топтың құрамына байланысты (3-5 адам) шағын топтық және бүкіл
сыныптық
(жаппай)
жұмыс;
мұнда
топтың
барлық
мүшесі
бірігіп
бір
тапсырманы/тақырыпты немесе оның бір бөлігін орындайды;
-
ұжымдық, яғни ауыспалы жұптар арқылы ұйымдастырылған жұмыс; мұнда әрбір
оқушы жеке тақырыпты/тапсырманы орындап, жұптағы екінші оқушымен талқылайды.
Достарыңызбен бөлісу: