Байланысты: Қаз. тар және ҚН Мұғалімге арналған нұсқаулық (1)
2-кесте . Қолданыстағы және жаңартылған оқу бағдарламасын салыстыру
Қолданыстағы оқу бағдарламасы Жаңартылған оқу бағдарламасы 5 сынып Қазақстан тарихынан әңгімелер 5 сынып Ежелгі Қазақстан тарихы
6 сынып Ежелгі Қазақстан тарихы
6 сынып Орта ғасырлар тарихы
7 сынып Орта ғасырлар тарихы
7 сынып Жаңа заман тарихы
8-сынып Жаңа заман тарихы
8-сынып Қазіргі заман тарихы (ХХ ғ. бірінші
жартысы)
9 сынып Қазіргі заман тарихы
9 сынып Қазіргі заман тарихы (ХХ ғ. – ХХІғ.
екінші жартысы)
6-сыныпта ежелгі тарихты оқыған оқушылар, 2017 жылы 7-сыныпқа көшкенде
жаңартылған бағдарламаға сәйкес орта ғасырлар тарихын оқу курсын тастап, жаңа заман
тарихын оқитын жағдайға тап болады.
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша білім беру мазмұнының сабақтастықты сақтау
мақсатында оған жол бермеу үшін жаңартылған мазмұнды кезең-кезеңмен енгізу
процесінде 7-сыныпта 6-сыныптың жаңартылған бағдарламасы (орта ғасыр дәуірі)
пайдаланылатын болады.
Бұдан әрі, «Қазақстан Тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша білім беру
мазмұнының сабақтастықты сақтау мақсатында 8-сыныпта 7-сыныптың жаңа бағдарламасы
(жаңа заман) енгізілетін болады.
9-сыныпта 8-9-сыныптардың бағдарламасын қамтитын (қазіргі заман тарихы) өтпелі
бағдарлама пайдаланылатын болады. ҚР барлық жалпы білім беретін мектептерде 9-
сыныпқа арналған өтпелі бағдарлама екі жыл бойында қолданылатын болады.