Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет11/75
Дата07.02.2022
өлшемі0,58 Mb.
#90350
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   75
Байланысты:
Қаз. тар және ҚН Мұғалімге арналған нұсқаулық (1)

«Қазақстан тарихы» пәні.
Пән бойынша оқу бағдарламасы келесі бөлімдерден тұрады: 
1) 
Жалпы ережелер
– бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, оның мазмұнын іске 
асырудың негізгі әдістемелік және педагогикалық тәсілдері туралы ақпаратты қамтиды; 
2) 
Оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
– оқу жүктемесінің көлемі туралы ақпаратты 
және пән бойынша тақырыптық мазмұнды қамтиды; 
3) 
Оқу мақсаттарының жүйесі
– сыныптар мен бөлімдер бойынша ұсынылған 
оқытудың күтілетін нәтижелерін (оқыту мақсаттары) қамтиды; 
4) 
Ұзақ мерзімді жоспарлар
– оқу жылында зерделенетін оқу материалының 
тақырыптарын айқындайды. Сыныптар бойынша ұзақ мерзімді жоспарлар белгілі бір 
тақырыптың шеңберінде қамту қажет оқыту мақсаттарын қамтиды. 
Жаңартылған оқу бағдарламасының мақсаты оқушылардың тарихи сана-сезімін, 
қазақстандық патриотизмін, өз елінің тарихына деген кұрметін, ата-бабасының жетістіктері 
үшін мақтанышын қалыптастыру, ұлттық және жалпы адами құндылықтарға баулу, ойлау, 
коммуникативтік және зерттеулік дағдыларды дамыту болып табылады. 
Қазақстан тарихы бойынша жаңартылған оқу бағдарламасының мазмұны жалпы білім 
беретін мектептерге арналған қолданыстағы Үлгілік оқу бағдарламасында көрсетілген 
мазмұнды қамтиды. Сонымен бірге, 
оқиғаларды

фактілерді
 
толығырақ
 
зерделеуге
 
емес

оларды
 
пайымдауға
 
ерекше
 
көңіл
 
аударылады

сөйтіп
 
тарихи
 
ойлау
 
дағдыларын
 
дамытуға
 
көмектеседі

Оқу бағдарламасының тағы бір ерекшеліктері мынадай: 

бірқатар 
тақырыптық 
бөлімдерді 
ірілендіру арқылы 
пәннің 
мазмұны 
оңтайландырылған. Басты назар оқушылардың тарихи сана-сезім, ұлттық және жалпы 
адами құндылықтарды қалыптастыруға көмектесетін материалды зерделеуге бөлінеді; 

дүние жүзі тарихымен пәнаралық байланыс күшейтілген, бұл Қазақстан тарихын 
әлемдік тарихи үдерістер мәнмәтінінде қарастыруға, сондай-ақ оқу материалын 
қосарлаудан аулақ болуға мүмкіндік береді; 

пәндік нәтижелер тақырыптық бөлімдер, бөлімшелер мен тақырыптар бойынша 
айқындалған оқыту мақсаттары түрінде ұсынылған. Оқу бағдарламасының бөлімдері мен 
тақырыптары үшін күтілетін нәтижелерді (оқыту мақсаттарын) анықтау оқушыларда нақты 
оқу материалының негізінде пәндік білім мен дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік 
береді. Осы тәсіл негізінде оқыту мақсаттары анағұрлым қолжетімді және өлшемді бола 
түседі. 
Оқу бағдарламасындағы тақырыптардың құрылымы мен зерделеу бірізділігі Қазақстан 
тарихын жалпы қабылданған дәуірлерге бөлу негізінде әзірленген және мынадай 
аспектілерді қамтиды: 
- әлеуметтік қатынастардың дамуы; 
- мәдениеттің дамуы; 
- мемлекеттің дамуы;
- Қазақстанның экономикалық дамуы. 


11 
Тарихты оқыту үдерісіне жаңартылған бағдарламаға қойылатын міндетті талап сабақта 
зерттеу қызметін ұйымдастыру болып табылады. Зерттеу қызметінің астарында мұғалім 
мен оқушының белгілі бір тарихи проблематиканың шешімін іздеу бойынша бірлескен 
шығармашылық үдерісі түсінеді. Мұндай оқу үдерісін ұйымдастырудың күтілетін нәтижесі 
тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыру болып табылады (болжам ұсыну, зерттеу үшін 
сұрақтар құрастыру, дереккөздерді талдау, әртүрлі көзқарастарды салыстыру, 
қорытындылар мен тұжырымдар қалыптастыру, өзіндік ұстанымын анықтау). Оқытудың 
зерттеулік тәсілі оқушыларға сырттай жеке-жеке құбылыстар мен фактілердің арасындағы 
өзара байланысты, сондай-ақ тарихи үдерістің тұтас көрінісін көруге мүмкіндік береді. 
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқыту мақсаттарын іске асыру арқылы тарихи ойлау 
дағдыларын қалыптастыру мынадай тарихи тұжырымдардың (ұғымдардың) негізінде 
жүзеге асырылады: 
өзгеріс
 
және
 
сабақтастық
(мысалы, белгілі бір тарихи кезеңде қоғамда 
қаншалықты өзгерді); 
себеп
 
және
 
салдар
(мысалы, берілген тарихи кезеңде саяси 
үдерістерге қандай басты факторлар әсер етті); 
дәлел
(мысалы, белгілі бір кезеңнің 
мәдениеті құндылықтар, наным және технологиялар туралы бізге не айта алады); 
ұқсастық
 
және
 
айырмашылық
(мысалы, XIII-XV ғасырларда Қазақстан аумағындағы мемлекеттің 
саяси құрылымының ұқсастықтары мен айырмашылықтары неде); 
мәнділік
(мысалы, Қазақ 
хандығының құрылуының мәні неде); 
түсіндіру
(мысалы, қандай да бір тарихи оқиғаны 
әртүрлі зерттеушілер қалай сипаттайды). 
Ұғымдардың негізінде оқыту тарихи оқиғалардың, үдерістер мен құбылыстардың 
мағынасы мен мәнін «қамтуға» бағытталған, бұл пәннің мазмұнын анағұрлым тереңірек 
түсінуге көмектеседі. Тарихи ұғымдарға сүйене отырып, тарихи материалды аналитикалық 
талдау жүзеге асырылады. Оның нәтижесінде оқушылар пәндік материалды ғана емес, 
сонымен қатар зерттеу рәсімдерін және олармен байланысты дағдылар мен қабілеттердің 
үйлесімін меңгереді (материалды жинау және реттеу әдістері, мәселелерді тұжырымдау 
және дереккөзбен жұмыс жасау үдерісінде проблемаларды қоя білу қабілеті, дереккөздерді 
сәйкестендіру және сын тұрғысынан бағалау тәсілдері, зерттеу жоспарын әзірлеу, 
материалды жалпылау және тұжырымды тексеру әдістерін таңдау).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет