Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет19/75
Дата07.02.2022
өлшемі0,58 Mb.
#90350
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   75
Байланысты:
Қаз. тар және ҚН Мұғалімге арналған нұсқаулық (1)

Ақпараттық
-
коммуникациялық
 
технологияларды
 
қолдану
.
Қазақстан тарихын оқыту 
үдерісінде оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі – 
АКТ) қолдану дағдысын дамыту үшін, соның ішінде ақпаратты табу, құрастыру және 
басқару, мәліметтермен және идеялармен бөлісу, бірлесіп әрекет ету, түрлі жабдықтар мен 
қосымшаларды қолдану арқылы өз жұмысын бағалау және жетілдіру үшін қажетті 
жағдайлар жасалуы қажет. 
Тарихи
 
концептілер
 
негізінде
 
оқыту
.
«Қазақстан тарихы» пәнін оқытуда оқу 
бағдарламасының оқу мақсаттары мен тәсілдерін тиімді түрде жүзеге асыру үшін оқыту 
үдерісі төмендегідей тарихи концептілер негізінде ұйымдастырылады:
 
Оқыту төмендегідей тарихи түсініктердің негізінде құрылуы тиіс: 
-
өзгеріс және сабақтастық (мысалы, белгілі бір тарихи кезеңде қоғам қаншалықты 
өзгеріске ұшырады); 
-
себеп және салдар (мысалы, белгілі бір тарихи кезеңдегі саяси үдерістерге қандай


18 
маңызды факторлар әсер етті); 
-
дәлел (белгілі бір тарихи кезеңнің өнері бізге құндылықтар, наным-сенімдер мен 
технологиялар туралы қандай мәлімет бере алады); 
-
ұқсастық және айырмашылық (оқытылып отырған кезеңдегі, мысалы, ХІІІ-ХҮ 
ғасырлардағы Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің саяси құрылысындағы ұқсастықтар 
мен айырмашылықтар); 
-
маңыздылық (мысалы, Қазақ хандығының құрылуының маңызы қандай);
-
түсіндіру (мысалы, белгілі бір тарихи оқиғаны түрлі зерттеушілер қалай 
сипаттайды) (Ұлттық білім академиясы).
«Құқық негіздері» пәнін оқытуда мұғалімдер төмендегідей педагогикалық әдіс-
тәсілдерді тиімді қолдана алады: 
- кейс-стади, оқушылар проблемаларды анықтауда өз ойларын, пікірлерін айту, 
дәлелдеу, гипотеза ұсыну, зерттеуді жоспарлау қабілеттерін дамытатын ынталандырушы-
проблемалық, құқықтық ситуациялық жағдаяттарды зерттеу; 
-
белгілі бір тақырып бойынша «миға шабуыл», «фишбоун», «автор орындығы», т.б. 
әдістерін ұйымдастыру (проблемаларды шешу, әр оқушының идеясын ұсыну, бүкіл 
сыныппен талқылау, оны талдау және шешімнің дұрыс нұсқасын қабылдау); 
-
сабақта оқушылардың белсенділігін қажет ететін құқықтық проблемаларды 
талқылау; 
-
оқу тапсырмаларын шешу барысында нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-
құқықтық жүйесін қолдану (http://adilet.zan.kz/; http://online.zakon.kz/); 
-
құқықтық нормалардың мазмұны мен мәнін түсіндіру және анықтау арқылы 
нормативтік құқықтық актілерді талдау
-
«Құқық негіздері» пәнін оқыту барысында оқушылардың ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды қолдану дағдысын дамыту үшін жағдайлар жасау, 
оның ішінде ақпаратты табу, құрастыру және басқару, мәліметтермен және идеялармен 
бөлісу, бірлесіп әрекет ету, түрлі жабдықтар мен қосымшаларды пайдалану арқылы өз 
жұмысын бағалау және жетілдіру;
-
«Құқық негіздері» пәнін оқыту барысында АКТ-ны қолдану мүмкіндіктері: 
-
құқықтық деректермен жұмыс істеу: оларды іздеу, сұрыптау және 
интерпретациялауға байланысты өзіндік жұмыс жасау дағдыларын дамыту;
-
оқушылардың білімдерін кеңейту үшін мультимедиалық ресурстарды пайдалану; 
-
белсенді оқыту әдіс-тәсілдерін қолдау үшін интерактивті тақталарды пайдалану;
-
оқушылардың электронды оқулықтарды пайдалануы; 
-
компьютерлік таныстырылымдардың түрлерін пайдалана отырып, таңдалған 
тақырыптар бойынша шығармашылық жобаларды дайындау;
-
оқушылардың пікірталас өткізу және құқықтық мәселелерді талқылауына қолайлы 
жағдай жасау үшін компьютерлік қарым-қатынас құралдарын (мысалы, онлайн-форумдар, 
конференциялар) пайдалану. 
Мұғалімдер оқыту тәжірибесінде оқушылардың оқу үдерісінде және оқу жоспарында 
ұсынылған тапсырмаларды орындау арқылы оқу мақсаттарына қол жеткізуіне көмектесетін 
түрлі педагогикалық тәсілдерді ұтымды пайдаланғандары дұрыс. Бұл тапсырмалар әртүрлі 
дағдыларды дамытуға арналған болуы мүмкін: мәселелерді шешу, материалды жинақтап 
қорыту, оқып-білген материалды белсенді қайталау үшін бірігіп рефлексия жасау, 
ақпаратты талдау арқылы қабылдау, ақпаратпен жұмыс істеудің бастапқы және қорытынды 
кезеңдеріндегі ақпаратты құрылымдау және т.б. 
Еліміздің бәсекеге қабілетілігін қамтамасыз ету үшін ғылым мен білім беру салаларын 
өзара тығыз байланыста қарастыру, оқушылардың мектеп қабырғасынан бастап ғылыми 
тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту қажет. 
Оқу үдерісінде оқушылардың зияткерлік, шығармашылық кабілеттері мен сын 
тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту, ғылыми тұрғыдан ойлау дағдылары мен танымдық 
қабілеттерін дамыту Қазақстан тарихы және құқық негіздері мұғалімдерінің маңызды 


19 
мақсаттарының бірі болып табылады. Оқу үдерісі оқушының ойлау дағдыларының 
дамуына ықпал етуі үшін талдау, салыстыру, сәйкестендіру, дербес, ортақ және ерекше 
белгілерін анықтай білу, абстракцияландыру, жалпылау, қорытынды жасау сияқты ойлау 
амалдарын қолдануды үйрету керек.
Оқу үдерісінде оқушылардың теориялық және тәжірибелік ойлау дағдыларын қатар 
қалыптастыру маңызды. Оқудың тәжірибелік дағдыларға бағытталуы, оқушылардың 
теориялық білімін өмірде қолдана білу және жеке жобалық жұмыстар орындау қабілеттерін 
дамыту мұғалімнің негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. 
Ғылыми ойлаудың сипаттары: 
-
зерттеу мақсатын айқын белгілеу; 
-
ғылыми болжамдар жасау; 
-
зерттеу әдістемесін белгілеу; 
-
зерттеудің негізгі кезеңдерін анықтау; 
-
зерттеу жұмыстарын жүргізу; 
-
алынған нәтижелерді талдау; 
-
қорытындыларды тұжырымдау. 
Оқушылардың ғылыми ойлау қабілеттерін дамытудың жолдары:
-
ғылыми зерттеулердің негізін түсіндіру; 
-
оқушыларды проблемалық жағдаяттарды шешуге қызықтыру
-
бақылау, тәжірибе жасау, алған білімдерін жүйелеу және жалпылау, тарихи 
оқиғаларды түсіндіру сияқты оқушылардың жалпы логикалық ойлау дағдыларын дамыту. 
Бақылау, тәжірибе жасау, алған білімдерін жүйелеу және жалпылау, тарихи оқиғалар 
мен құқықтық проблемаларды түсіндіруде шығармашылық таныту, теориялық ойлау 
сияқты қабілеттерін қалыптастыру оқушылардың ғылыми ойлау дағдыларының дамуына 
ықпалын тигізеді. 
Оқушылардың 
«Қазақстан 
тарихы» 
және 
«Құқық 
негіздері» 
пәндеріне 
қызығушылығын арттыру мұғалім үшін маңызды. Ол үшін белсенді оқу әдістерін қолдану 
арқылы келесі ұсынымдарды қолдануға болады: 
-
сабақты көрнекі құралдармен қамтамасыз ету; 
-
сабақтың ғылымилығын арттыру
-
проблемалық жағдаяттар туындату; 
-
оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру; 
-
шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды пайдалану; 
-
ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу, т.б. 
Қазіргі кезеңде оқушының өз бетімен білімді меңгеруі барысында оның белсенді іс-
әрекетін ұйымдастыру оқу үдерісіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет