Байланысты: Қаз. тар және ҚН Мұғалімге арналған нұсқаулық (1)
Қазақстан тарихы мен құқық негіздерін тиімді оқыту Мектепте Қазақстан тарихын оқыту ерекше маңызды, өйткені кез келген мемлекеттің
азаматы өз елінің, мемлекетінің, сол мемлекетті мекендеп отырған халықтардың, оның
өзінде де алдымен сол елге аты берілген халықтың тарихын білуге міндетті. Өз халқының,
елінің тарихын, мәдениетін сүйе білмеген адам, басқа халықты, оның мәдениетін сыйлай
да, құрметтей де алмайды, оларды білуге ұмтылмайды. Қазақстан тарихының білімдік,
тәрбиелік міндетін мектепте оқытылатын басқа пәндердің бір де біреуі атқара алмайды.
«Қазақстан тарихы» пәнін оқытуды тиімді жүзеге асыру үшін оқыту үдерісі тарихи
концептілер негізінде ұйымдастырылады.
Тарихи ойлау дағдылары бірте-бірте алға ілгерілеу мен алған білімді кеңейтуді
есепке
ала отырып, әр сабақтың үстінде дамытылуы тиіс. Белгілі бір тарихи концептілерге баса
назар аударуға негізделген оқыту нақты оқу материалының негізінде оқушылардың
бойында тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға мүмкіндік береді.
Мұндай әдіс зерттеуге негізделген оқуды жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады (Ұлттық
білім академиясы). Пәнді тарихи концептілер негізінде оқытудан күтілетін нәтижелер