Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет23/75
Дата07.02.2022
өлшемі0,58 Mb.
#90350
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   75
Байланысты:
Қаз. тар және ҚН Мұғалімге арналған нұсқаулық (1)

Семинар
-
сабақ
.
«Қазақстан тарихы» және «Құқық негіздері» пәндері бойынша 
семинар сабақта оқушылар берілген сұрақтарды жан-жақты талдап, өздерінің 
көзқарастарын білдіреді. Бұл оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамытып, қосымша 
әдебиеттермен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. 
Пән бойынша семинарды дайындау мен өткізуге қойылатын бірқатар әдістемелік 
талаптар бар: 
-
Семинарға әзірлену барысында оқушылар жаңадан шыққан әдебиеттерді
дереккөздерді өз бетінше оқып үйренеді; семинарда жаңа материалдарды да оқып үйрену 
көзделеді; 
-
Семинарда жоспардағы негізгі мәселелер бойынша міндетті түрде ұжымдық 
талқылау жүзеге асады. 
-
Семинарды көбіне енді оқытылатын жаңа тақырып бойынша ұйымдастыруға 
болады, бірақ онда қарастырылатын бірқатар мәселелер оқушыларға бұрыннан таныс 
болғаны тиімді. 
-
Семинарға алынған тақырып білімдік, тәрбиелік, оқушылардың ойлау қызметін 
дамытушылық жағынан маңызды әрі қызықтыратын болуы тиіс. 
- Семинардың болатыны туралы оқушыларға алдын ала бірнеше апта бұрын ескертіліп, 
қарастырылатын мәселелер, міндетті және қосымша әдебиеттер тізімі беріледі. 
- Оқушылардың келісімімен негізгі және қосымша баяндамашылар алдын ала 
белгіленуі тиіс. Міндетті, қосымша әдебиеттерді оқушылардың барлығы оқиды, бұларға 
қосымша тағы да дереккөздерді қарастырып, ғаламтор желісіндегі материалдармен 
танысқаны дұрыс. 
- Мұғалім баяндама жасайтын оқушыларға кеңес беріп, қажетті әдебиеттерді 
таңдауына, кітапханада каталогтар мен ғылыми, мемуарлық әдебиеттермен жұмыс істеуіне, 
үзінділер, шифрлар, фактілер, сөздіктер алуына, библиография жасауына көмектеседі. 
- Семинарға мұғалімнің өзі де жақсы дайындалуы тиіс. Семинардың мақсатын дәл 
анықтап, жоспарын мұқият ойластырып, уақытты тиімді пайдалануды жоспарлауы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет