Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет25/75
Дата07.02.2022
өлшемі0,58 Mb.
#90350
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   75
Байланысты:
Қаз. тар және ҚН Мұғалімге арналған нұсқаулық (1)

Экскурсия
 
сабағы
оқу әдісі және сабақты ұйымдастыру үлгісі ретінде Қазақстан 
тарихын оқытуда маңызды орын алады. Экскурсия оқу мектептен тыс, тарихи орындар мен 
мұражайларға саяхат арқылы жүзеге асырылатын оқыту тәсілі және оқу үдерісін 
ұйымдастыру түрі болып табылады. Қазақстан тарихын оқытуда экскурсия оқу-тәрбие 
жұмысының бір түрі болғандықтан, оқушылар топтық экскурсияны ескерткіштер мен 
жәдіргерлермен танысуға болатындай тарихи орындарда өткізеді. 
Экскурсия алдын ала белгіленген тақырып бойынша және белгіленген мерзімде 
бағдарлама бойынша өткізіледі. Мазмұнына байланысты 
тақырыптық
 
экскурсия

кешенді
 
экскурсия

кіріспе
 
экскурсия

қорытынды
 
экскурсия
 
түрінде болуы мүмкін. 
Тақырыптық экскурсия «Қазақстан тарихы» пәнінің нақты бір тақырыбына арналады. 
Кешенді экскурсия мазмұндық жағынан ұқсас тақырыптар бойынша бірнеше пән көлемінде 


23 
ұйымдастырылады, мысалы, Қазақстан тарихы және география. Бұл пәнаралық байланысты 
көрнекі көрсетуге мүмкіндік береді. Кіріспе экскурсия тақырыпқа кіріспе жасау 
мақсатында ұйымдастырылады; қарастырылатын тақырыптың тәжірибелік маңызын 
көрсетіп, оқушыларды сабаққа қызықтыруды көздейді. Қорытынды экскурсия 
оқушылардың белгілі бір сала бойынша оқып үйренгендерін қорыту, өмірмен 
байланыстыру мақсатында ұйымдастырылады.
Оқушыларға елінің тарихын өз көзімен көріп, сезіну үшін мүмкіндігінше 
мұражайларға, тарихи ескерткіштер мен тарихи-археологиялық орындарға экскурсия 
ұйымдастыру ұсынылады. 
Экскурсия теориялық білімді тәжірибемен байланыстырумен қатар белгілі бір сала 
мамандарының жұмысымен танысуға да мүмкіндік береді. Оқушыларға экскурсиядан соң 
танысып-білгендері бойынша таныстырылым дайындау, баяндама жасау, т.б. түрінде ой-
түйіндеу тапсырмаларын беруге болады. Экскурсияны қорыту үшін саяхаттан алған 
білімдері мен орындаған жұмыстарын бағалауға мүмкіндік беретін пікір алмасу, талқылау 
түрінде қорыту сабағын өткізуге болады. 
Қазақстан тарихын оқытудағы топтық экскурсияның маңызы: 
- оқушылардың білімін тереңдетіп, ой-өрісін кеңейтеді; 
- оқушылардың ізденімпаздығын арттырады; 
- өзі тұратын өлкенің тарихын тануға, тарихи ескерткіштерді зерттеп-зерделеуге 
талпындырады. 
Оқушылар экскурсия барысында өздерінің туған өлкесінің тарихы, тарихта белгілі 
орындар мен адамдар туралы қызықты мәліметтермен танысады, сонымен қатар, 
келешектегі оқуы мен кәсіби қызметі үшін зор маңызы бар өз бетінше жұмыс істеу 
дағдыларын меңгереді. 
Қазақстан тарихын оқыту барысында белгілі бір тарихи орындармен және 
ескерткіштермен таныстыру арқылы экскурсия ұйымдастырудың аса зор тәрбиелік маңызы 
бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет