28
бетімен білім тапқандай қылса», «жұмыстайтын материалдар даяр түрінде емес, балалар
тәжірибе қылып, зерттеп,
өз бетімен шешкендей, тұрмыс жұмбақ түрінде берілсе»
(Ж.Аймауытұлы, 1929) оқудың анағұрлым тиімді болатынын естен шығармаған дұрыс.
Белсенді оқу оқушының мұғалімді енжар тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа
тартылуын көздейтін оқыту және оқу әдістерінің бірі болып табылады. Бұл тәсілдер оқу
үдерісі жаттығудың алдында емес, оны орындау барысында жүзеге асырылатын құбылыс
екендігін түсіндіреді. Сыныпта қолданылатын мұндай тәсілдерге топтық жұмыстар
(Brodie, 2000), ойын «баламалары» (Bergen, 2002) және пән бойынша белгілі тақырыптағы
ойын түрлері кіреді (Peters, 1998). Оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамытуда ойын
«баламалары» шынайы өмірдің белгілі бір аспектілерін модельдеу және зерттеу үшін
ұсынылған мүмкіндік болып табылады.
Оқушыларда тарихи түсінікті дамытуға мүмкіндік беретін әдістердің бірі –
Достарыңызбен бөлісу: