27
белгіленген уақыт аралығында жеке, жұппен немесе топпен орындауы мүмкін, сондықтан
ол бірлескен оқу тәсілімен толық үндестік табады.
Пәнді оқытуда жоба әдісін қолдану оқушылардың ғылыми танымдық белсенділігін
күшейтіп, пәнаралық байланыс орнату арқылы пәнді оқытудың табыстылығын арттырады.
Жоба жұмысының тақырыптарын анықтауда мұғалім мен оқушылардың біліктілігі
және шығармашылығы көрініс табады. Мұғалім жоба жұмыстарына оқу бағдарламасы
ұсынатын тақырыптармен қатар өз қалауы бойынша өткен тараулар бойынша
тақырыптарды алуы да мүмкін.
-
Жоба жұмысының түрлері:
зерттеушілік
жоба
,
ақпараттық
жоба
,
шығармашылық
жоба
,
рөлдік
ойын
жобасы
, т.с.с.
-
Ұзақтығына байланысты қысқа мерзімді
шағын
(бір сабақ, бір немесе бірнеше апта
көлемінде),
орта
мерзімді
(бір немесе бірнеше ай көлемінде),
ұзақ
мерзімді
жоба (жыл
бойы) болуы мүмкін.
Жоба әдісін қолдануға қатысты негізгі талаптар:
-
әртүрлі пәндік салалар бойынша кіріктірілген білімдерді және зерттеушілік ізденісті
қажет ететін проблемалық мәселенің болуы;
-
күтілетін нәтиженің тәжірибелік және танымдық маңызды болуы;
-
оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, зерделеу әрекеттерінің жүйелі болуы;
-
жоба жұмысының мазмұндық құрылымының анық болуы;
-
зерттеу әдістерінің қолданылуы.
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша жоба жұмыстарын орындау оқушылардың тарихи
оқиғаларды, құбылыстар мен үдерістерді және тарихи тұлғалардың қызметін сын
тұрғысынан талдау және баға беру дағдыларын қалыптастыруға, тарихи деректердің
негізінде дәлелді пайымдау дағдыларын дамытуға, тарихи зерттеу жүргізу дағдыларын
қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Оқушылар жоба жұмыстарын орындау барысында зерттеу сұрақтарын құрастыру,
деректерді талдау, әртүрлі көзқарастарды салыстыру, өз болжамдарын ұсыну, нәтижелер
мен қорытындылар шығару, өзінің ұстанымын белгілеу, өз ойын ауызша және жазбаша
түрде анық және сауатты жеткізе білу сияқты зерттеу жүргізу дағдыларын қалыптастырады
және дамытады.
Достарыңызбен бөлісу: