26
бетінше іздену дағдыларын дамыту үшін де тиімді болып табылады.
Экранды құралды
қолданудың бірінші тәсілінде тапсырмалар қарапайым баяндау мен сипаттауға
бағдарланады, ал екінші тәсілі оқушының оқу материалын шығармашылықпен қолдануын
талап етеді.
Экрандық құралдармен
жұмыс істеу әдісі әңгімелеу, сұхбат, кітаппен жұмыс
әдістерімен қатар қолданылады.
Диалог
.
Қазіргі сабақта қолданылатын белсенді оқу – бұл,
ең алдымен, диалог арқылы
оқу (сұхбаттасу), мұнда мұғалім мен оқушылардың өзара бірігіп әрекет етуі жүзеге
асырылады.
Бұл әрекеттестіктің ерекшелігі:
-
оқу үдерісіне қатысты тұлғалардың (мұғалім, оқушы)
бір мағыналық кеңістікте
болуы;
-
күрделі мәселелер өрісінде шешілетін тапсырмаларды бірігіп көтеру, яғни бірыңғай
шығармашылық кеңістікке қосылуы;
-
тапсырмаларды орындауға қажетті әдіс-тәсілдерді таңдауда өзара келісімнің болуы.
Танымдық үдерісте оқушылардың біріккен іс-әрекеттері әрбір оқушының өз үлесін
қосу арқылы бірігіп жаңа білімді игеруін білдіреді. Мұнда олар бір-біріне қолдау көрсету
арқылы өзінің білгенімен, жаңа идеяларымен, тәжірибелерімен бөліседі, осылайша өзінің
танымдық әрекетін де дамытады.
Достарыңызбен бөлісу: