Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет22/75
Дата07.02.2022
өлшемі0,58 Mb.
#90350
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   75
Байланысты:
Қаз. тар және ҚН Мұғалімге арналған нұсқаулық (1)

Әңгімелеу
мазмұндаудың негізгі тәсілдерінің бірі болып табылады. Мұғалім әңгімелеу 
арқылы материалдың мазмұнын түсіндіреді. Қазақстан тарихы мен құқық негіздерін 
оқытуда әңгімелеу сабақ уақытының аз бөлігін алып, төмендегідей әдістемелік талаптарға 
сай келуі тиіс: 
-
әңгіме қысқа болуы керек (5-15 минут); 
-
әңгімелеу барысында жаңа терминдерге арнайы тоқталып, тақтаға жазу және қажет 
жағдайда оқушылардың дәптеріне жазып алуларына мүмкіндік беру керек; 
-
сабақта қолданылатын көрнекіліктер мен карталарды алдын ала дайындап, көрінетін 
жерге іліп қойған дұрыс; 
-
мұғалімнің сөздері түсінікті және сөздерді орынсыз қайталау, бұрмалау болмауы 
керек, 
-
мұғалімнің әңгімелеуі эмоционалдық тұрғыда әсерлі болуы тиіс; 
-
мұғалім оқулықта берілген мәтінді сол күйінде қайталап айтуына болмайды. 
Оқу үдерісінде мұғалім оқушылармен ынтымақтастық қағидаттары негізінде тиімді 
тәсілдер қолдану арқылы оқушылардың танымдық әрекеттерін ұйымдастырушы болып 
табылады. Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер пәннің ғылыми мазмұнын ашуға 
негізделеді.
«Қазақстан тарихы» және «Құқық негіздері» пәндері бойынша оқушылардың алған 
білімін, қалыптасқан біліктерін одан әрі дамыта түсу, тәрбиелік мән-маңызын арттыру 
мақсатында, сондай-ақ танымдық белсенділігін арттыра түсу үшін тарихты оқытуда 
сабақтан басқа да жұмыс түрлері қолданылады. Бұлардың қатарына семинар-сабақ, дәріс-
сабақ, экскурсия сабағы және т.б. түрлері жатады.


22 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет