16
«ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ» ЖӘНЕ «ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ»
ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР
Жаңартылған мазмұнды жүзеге асыру кезіндегі оқыту әдістемесі оқушылардың
жоғары стандарттарын қамтамасыз етудің маңызды аспектісі болып табылады.
Хэтти (Hattie, 2011) оқушылардың нәтижелеріне білім
беру факторларының әсерін
зерттеу мақсатында 9000 астам мета-талдаулар 60 155 педагогикалық зерттеулер жүргізді.
Оқушылардың прогресіне мұғалім дайындығының сапасы ең көп әсер ететіні анықталды.
Оқытуды ұйымдастыруда мұғалім қолданатын тәсілдер оқытуға айтарлықтай әсер етеді.
Осыған байланысты, оқу бағдарламасын жаңарту және бір мезгілде мұғалімдердің кәсіби
дамуы арқылы оқу әдістемесін жақсарту білім беру стандарттарын жаңарту тіимділігін
арттырады.
Хименес-Александре (Jiménez-Aleixandre, 2008, Katchevichetal цитата жазылды, 2011)
аргументтерді құруға әсер ететін оңтайлы оқыту ортасын өзінің көзқарасын ұсынды. Бұл
көзқарас оқу процесін ұйымдастырудағы конструктивті тәсілдің және оқу бағдарламасы,
оқыту әдістемесі және бағалау бірге пайдаланыла алатындығының
бір мысалы болып
табылады. Мұндай оқыту ортасына:
1.
Оқушылар оқыту процсені белсенді қатысады. Олар білімдерін бағалайды, өз
тұжырымдарының дәлелдерін көрсетеді және басқаларға сын көзбен қарайды.
2.
Мұғалімдер аргументтер талдау мен құрастырылуы үшін рөлдік үлгілер
ретінде
әрекет ететін оқушыларға бағытталған оқыту әдістемесін пайдаланады.
3.
Оқу бағдарламасы мәселелерді шешу тәсілдерін қамтыған.
4.
Мұғалімдер мен оқушылар тұжырымдарды бағалау дағдыларына ие және оқушылар
тек қана тестілер бойынша бағаланбаулары керек.
5.
Оқушылар өз білімдеріне рефлексия береді және оларды алу процесін талдай алады.
6.
Оқушылар диалог пен бірлескен оқытуға қатысу мүмкіндігіне ие.
Зерттеулер
көрсетіп отырғандай, білім берудің «дәстүрлі» тәсілдеріне қарағанда
оқытуға конструктивисттік тәсілдер оқудағы анағұрлым жоғары
нәтижелерінің болуына
әсерін тигізеді (Hattie, 2011). Конструктивистік тәсілдер оқушылардың жаңа білімдер мен
түсініктерді түсіну, олардың бар білімдерін қолдана білу тұжырымдамасына негізделген.
Мұнда маңызды сәт оқушылардың алдыңғы тәжірибесі олардың жаңа тұжырымдамаларды
қалай түсінетіндіктеріне қалай әсер ететіндігі болып табылады және мұны ескермей, білім
терең емес, үстіртін болуы мүмкін. Дәл сол уақытта үстіртін білімдер білімдерді қолдану,
сын тұрғысынан ойлау және рефлексияға кедергі келтіре алады. Оқушылар үшін дәл осы
дағдылар және олардың қазіргі заманда табыстылығы маңызды болып барады. Осы және
басқа да дағдыларын дамыту үшін оқушылар ақпаратты
пассивті қабылдай бермей, оқу
процесіне белсенді қатысады. Оқушылардың алынған білімдерің өңдеу мен жұмыс істеуге,
өз дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретін оқу процесіне қатысу мүмкіндігі болуы
маңызды.
Оқу пәндері аясындағы педагогикалық тәсіл конструктивисттік
белсенді оқуға
негізделеді (Savery, J. R., &Duffy, T. M., 1994; Jonassen, D. H., &Rohrer-Murphy, L., 1999).
Осындай тәсілді қолданған кезде оқушылар оқу процесіне белсенді қатысады,
және сол
себепті оның өздері үшін маңыздылығын анықтайды. Бұл мұғалім пассивті оқушыларға
білім бергенінен гөрі оқу үшін күшті құрал болып табылады.
Педагогикалық тәсілдер
оқытудың әр түрлі стратегияларын қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: