Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет14/75
Дата07.02.2022
өлшемі0,58 Mb.
#90350
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   75
Байланысты:
Қаз. тар және ҚН Мұғалімге арналған нұсқаулық (1)

«Құқық негіздері» пәні
адам, қоғам және құқық туралы, қоғам дамуының негізгі 
үдерістері, адам өміріне әлеуметтік факторлардың әсері жөніндегі ғылыми білімді 
меңгеруге бағытталған. Қоғамдық ғылымдар кешенін құрайтын, кіріктірілген сипатқа тән 
пәнді оқыту оқушылардың назарын қазіргі қоғамдық, саяси, мәдени, әлеуметтік 
құбылыстарға, оларды реттеп отыратын заңдардың өзара байланысына аударуға 
негізделген.
Жалпы білім беретін мектептерде пәнді оқытудың мақсаты оқушылардың қоғамда 
әлеуметтік бейімделуі үшін қажетті негізгі құқықтық білімдер мен дағдыларды меңгеруі 
арқылы құқықтық тұрғыдан сауатты азаматты тәрбиелеу және олардың бойында заңды 
құрметтеу дәстүрі мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру, өз азаматтық құқықтары мен 
міндеттерін жүзеге асыруға қажетті білім мен дағдыларды қалыптастырып дамыту. 
Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегі міндеттерді шешу көзделеді: 
-
құқық салаларының негізгі түсініктері мен мазмұны жайлы білімді қалыптастыру; 
-
оқушылардың іргелі құқықтық және әлеуметтік құндылықтар жүйесі туралы 
білімдерін қалыптастыру: адам құқықтары, демократия, азаматтық қоғам, заңдылық пен 
құқықтық тәртіп; 
-
құқықтық мемлекеттің белгілері мен ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру; 
-
оқушылардың оқу және тәжірибелік іс әрекетте құқықтық ақпаратты табу, талдау 
және қолдану дағдыларын қалыптастыру; 
-
құқықпен реттелетін әртүрлі өмірлік жағдайларда құқықтық білімдер мен дағдыларын 
қолдануды қалыптастыру және дамыту;
-
бүгінгі күні өзекті қоғамдық және құқықтық мәселелерге қатысты пікірталасқа қатысу 
дағдыларын дамыту; 
-
сын тұрғысынан талдау және қоғамда құқықтық қатынастармен байланысты 


13 
практикалық жағдаяттарды бағалау дағдыларын қалыптастыру және дамыту. 
Қазақстан тарихы мен құқық негіздері бойынша пәндік білім мазмұны бөлімдерге 
бөлінген, бұл бөлімдер өз ішінде білім, түсінік және дағдыларды қалыптастыруды көздейтін 
бөлімшелерден тұрады. Оқу мақсаттары әр бөлімше ішінде мұғалім мен оқушыға болашақ 
қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін 
бірізділік пен сабақтастықты көрсетеді.
Сонымен қатар, «Қазақстан тарихы» және «Құқық негіздері» пәндері бойынша 
әзірленген оқу бағдарламаларына негіз болған маңызды қағидат оқу бағдарламасының 
спиральділік қағидаты болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет