39
игерілетінін көріп, дүниенің танымдық сипатына көз жеткізеді. Проблеманы шешуге
арналған тапсырмалар оқушыларға таныс емес мәселелерді қамтып, білуге құмарлықты,
жаңа нәрсені/ жаңалықты ашуға және оны негіздеуге ынталандыруы керек. Мысалы,
сабақта проблеманы шешуге арналған тапсырмалардың келесі түрлерін қолдануға болады:
себеп-салдарлық байланыстардың үзілуі; «... мәселесін қалай түсіндіруге болады»; «қалай
дәлелдеу қажет?» және т.б. Мұндай тапсырмалар оқушыларды стандартты рәсімдерді
қолданбай, белсенді оқуға ықпал ете отырып, шешімдерді іздестіруге және өңдеуге,
үлгілерді зерттеуге итермелейді. Мәселен, Қазақстан тарихы сабағында оқушыларға
картографиялық білімі мен дағдыларын пайдаланып, түркі тілдес тайпалардың
территориялық орналасуын картада бейнелеуді ұсынуға болады. Тапсырмаларды орындау
барысында оқушылардың өткен сабақтарда және басқа пәндерден алған білімін естеріне
түсіріп, қолданғаны маңызды. Бұл оқушыларға өздерінің алға жылжуын нығайтуға және
басқа пәндермен пәнаралық байланыс орнатуға ықпал ететін болады.
Достарыңызбен бөлісу: