41
ОҚУ ҮДЕРІСІН ЖОСПАРЛАУ
Оқу бағдарламаларына қосымша тігілетін пәндер бойынша оқу жоспарлары
ұсыныстық сипатқа ие. Жекелеген белгілеулер ұзақмерзімді жоспарлар бөлімдеріне ие. Бұл
белгілеулер нүкте және латын әліпбиінің әрпімен бөлінген екі саннан тұрады. Бірінші сан
сыныпты көрсетеді, екінші сан– тоқсан нөмірі, әріптер тоқсандағы бөлімдерді зерттеу
тәртібін көрсетеді (А, В, С, D). Ұзақ мерзімді жоспар, оқу бағдарламасының элементі
ретінде, жыл ішінде өткізілетін тақырыптарды анықтайды.
Оқу жоспарында бөлімдер атаулары мен тоқсан ішіндегі тақырыптар бейнеленген,
сонымен қатар әр тақырып бойынша оқудың зерттеу мақсаттары көрініс тапқан.
Орта мерзімді жоспарда бірінші бағанда оқытылатын бөлім тақырыптары көрсетіледі,
келесі бағанда мұғалім оқу бағдарламасынан нақты мақсатты табуға ыңғайлы болуы үшін
кодтарымен оқу мақстаттары көрсетіледі. Бұдан әрі мұғалімге арналған ескретпелері бар
сабақтағы қызметтердің ұсынылатын түрлері мен оқу ресурстарына сілтемелер бар
(оқулықтар, сайттар, мәтіндер, жаттығулар, видео- және аудиоматериалдар және т.б.).
Ортамерзімді жоспарлау ұзақмерзімді жоспарда анықталған бағыттарды нақтылайды, және
анағұрлым қысқа мерзімге жүзеге асырылады.
«Осы сабақтағы оқу мақсаттары» бөлімінде қысқа мерзімді жоспарларында
бағдарламадағы оқу мақсаттары түрінде көрсетілген күтілетін нәтижелер бейнеленген
болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: