Ресурстық материалдардың мазмұнына қойылатын талаптар:
✓
Ресурстық материалдарды іріктеу және құрастыруда тақырыпты, оқу
мақсаттарын, бағалау критерийлерін ескеру қажет.
✓
Ресурстық материалдарды оқулықтардан, оқу құралдарынан немесе мектепте
қолданылып жүрген дереккөздерінен қолданбаған дұрыс. Жауаптары берілуі
мүмкін, мысалы, тапсырмада және ресурстық материалда бірдей сөздерді
қолданудан аулақ болған дұрыс.
✓
Ресурстық материалдарда ескірген ақпарат, сондай-ақ оқушының денсаулығына
және дамуына кері әсер ететін ақпарат болмағаны дұрыс.
✓
Ресурстық материалдарда мәдени ерекшеліктер ескерілуі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |