Байланысты: 52d6ddf1-26f6-11e9-9199-bcaec5508c5b1 МАН Тарих
Ресурстық материалдардың техникалық ресімделуіне қойылатын талаптар: ✓
Ресурстық материалдың форматы оны қолдануға болатындай техникалық
мүмкіндіктерге сәйкес болуы қажет. Мысалы, бейне- және аудиожазбаларды
тыңдау, иллюстрацияларды бейнелеу және т.б.
✓
Ресурстық материалды ресімдеудің сапасы тапсырманың күрделілік деңгейі мен
орындау деңгейіне әсер етпеуі қажет.
✓
Әрбір оқушыға ресурстық материалдармен жұмыс жүргізуде бірдей жағдай
жасалуы керек.
Дайын ресурстық материалдарды қолдану кезінде мұғалімнің оларды өңдеуіне,
өзгерістер енгізуіне мүмкіндігі бар. Түзету кезінде келесі мәселелерді ескерген жөн:
✓
ресурстық материалдардың мазмұнынан қажетсіз ақпараттарды алып тастаған
дұрыс;
✓
көлемін, мөлшерін, ұзақтығын және т.б. қысқартқан кезде ресурстық материал
мазмұнының реттілігін сақтау керек;
✓
түсініксіз сөздерді, фразаларды, нысандарды, элементтерді және т.б. ауыстыру
қажет немесе қайта өңдеу керек;
✓
ресурстық материалдың бейімделгендігін атап көрсету қажет. Мысалы, ауқымы
(масштабы) есептеледі/есептелмейді, шығарманың үзіндісі, қысқартылған
нұсқасы және т.б. ұсынылады.