Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық


Дескрипторларды құрастыру кезінде нені ескеру керек?



Pdf көрінісі
бет40/53
Дата07.02.2022
өлшемі0,69 Mb.
#92401
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   53
Байланысты:
52d6ddf1-26f6-11e9-9199-bcaec5508c5b1 МАН Тарих

 
Дескрипторларды құрастыру кезінде нені ескеру керек? 
Дескрипторларды тиянақтау кезінде «біледі», «түсінеді», «жасайды» және т.б. 
сияқты фразаларды қолданбаған дұрыс. Мұндай мазмұндағы сөздер бағалауға қиындық 
туғызады және тапсырмаларды орындау кезіндегі нақты әрекеттерді сипаттамайды.
Дескриптор оқушының қиындықтарын анықтауға және кері байланыс ұсынуға 
мүмкіндік беруге көмектесуі қажет. Мысалы, «дұрыс жауапты көрсетеді» емес, 
«стандартты түрде жазылған сандардың ретін салыстыру негізінде артық сандарды 
көрсетеді» деп берілуі тиіс.
Ашық тапсырмалар үшін дескрипторларды құрастыру таңдалған орындау 
тәсілдерін (егер талап етілсе) сипаттаудан басталады, мысалы, «дискриминант 
формуласын қолданады». Бұдан әрі алынған жауап пен аралық әрекеттер сипатталады, 
мысалы, «дискриминанттың мәнін есептейді», «теңдеу түбірінің санын анықтайды», 
«теңдеудің түбірін табады». Мұғалім өз тәжірибесіне және кәсіби пайымдауына сүйене 
отырып, тапсырмаларды орындау кезінде қандай аралық қадамдарды бағалауы 
керектігін анықтайды.
Тапсырмалардың дескрипторлары тапсырмаларды орындаудың қай кезеңінде 
оқушыларда қиындықтар туындайтынын анықтауға мүмкіндік беретіндей болуы керек 
және бағалау кезінде мұғалімнің шешімі объективті болуы үшін анық, нақты болуы 
қажет. Бұл оқушылар мен олардың ата-аналарына сындарлы (конструктивті) кері 
байланыс беруге жағдай жасайды (Негізгі және жалпы білім беретін мектептердің 
мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық, 2016). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет