Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет46/53
Дата07.02.2022
өлшемі0,69 Mb.
#92401
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   53
Байланысты:
52d6ddf1-26f6-11e9-9199-bcaec5508c5b1 МАН Тарих

 
 
 


30 
Тест сұрақтарын құрастыру 
Барлық пәндерді оқытуда тест сұрақтары қолданылады. Тест сұрақтарын 
әзірлеуде сұрақтарды шеберлікпен құрастырудың маңызы зор. Тест сұрақтарын 
пайдалану (тестілеу) тақырыптың соңында материалды бекіту кезеңінде өте тиімді. 
Сонымен қатар тақырыпты жаңадан бастаған кезде де тест қолдану пайдалы болып 
табылады. Бұл жағдайда оқушылар бастапқы білім деңгейін көрсетіп, білім-дағдыларын 
одан әрі тереңдетуге және дамытуға қызығушылық танытады. 
Берілген тақырып бойынша сұрақ құрастыруды оқушыларға үй тапсырмасы 
ретінде беру жақсы тәжірибе болып саналады (мысалы, өз бетінше зерделеуге арналған 
бөлім бойынша). Құрастырылған сұрақтары бойынша оқушылардың материалды білу, 
түсіну деңгейін байқауға болады. Жақсы сұрақтар осы тақырып бойынша бақылау 
жұмысында қолданылуы мүмкін, ал нашар сұрақтар сыни бағалау нысаны бола алады, 
оқушыларға осындай сұрақтардың неліктен нашар деп танылғанына жазбаша 
түсініктеме беруді тапсыруға болады. Сұрақтарды құрастыру кезінде оларды бағалауға 
арналған критерийлерді беру маңызды. Бағалау критерийлері оқушылардың сұрақ 
құрастыру тәжірибесі артқан сайын өзгеріп отыруы мүмкін. Бастапқыда тексеру 
жұмысына алынатын сұрақтарды ғана бағалауға болады. Оқушыларды ынталандыру 
үшін жақсы сұрақтарды оның күрделілігі мен мазмұндылығына байланысты балл 
арқылы бағалауға болады. Балл шәкілін оқушылармен бірге ойласып белгілеуге болады. 
Өз бетінше тест (сұрақ) құрастыру әдісін қолдану бірқатар нәтижелерге қол 
жеткізуге мүмкіндік береді: 
1.
Үй тапсырмасын орындау деңгейін анықтау. Жұмыс түрінің жаңашылдығы 
және оқу үдерісіндегі жаңа рөлінің есебінен оқушыны осындай үй жұмысын орындауға
қызықтыру. 
2.
Үй жұмысын орындау жауапкершілігін арттыру (орындаған жұмысы 
сыныптастырының талқылауына түсіп, «іс жүзінде тексеріледі» және құрдастарының 
сынына ілігеді). 
3.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту, барлық тұстарын ескеру. Бұл оқушылардың 
сөйлеу сауаттылығына оң ықпалын тигізеді. 
4.
Оқушының жеке дамуына көңіл бөлу. Оқушылардың көпшілігінің 
табыстылығын қамтамасыз ету. 
5.
Өткен материалды меңгергенін бақылау жұмысына деген қорқынышты жеңу. 
Педагог-психолог Д.И. Фельдштейн зерттеулерінде оқушының бақылау/бағамдау 
парағы бағалаудың тиімді құралы деп санайды. Әрбір бөлімнің алдында оқушыларға 
бөлімнің, сабақтың тақырыбы, мерзімі, меңгерілетін білік-дағдылар мен бөлімге 
қойылатын талаптар көрсетілген бақылау парағы таратылады. 
Бақылау парағының негізгі мақсаты – оқушының нақты бөлім, тақырып 
көлемінде қалыптасқан білік деңгейін анықтау. Бақылау парағы біліктердің тізімімен 
қатар олардың әрқайсысы бойынша мұғалімнің бағалауы мен оқушының өзін-өзі 
бағамдау нәтижесінен тұрады.
Бақылау парағы осы бөлімде бағаланатын жұмыстардың бағасын белгілеу тәсілі 
ретінде қызмет атқарады. Жұмыстың түріне байланысты тапсырманы орындауға дейін 
немесе орындағаннан кейін оқушылар өз бетінше өзін бағамдайды. Тексергеннен кейін 
мұғалім параққа өзінің бағалауын белгілейді, осылайша бағамдау парағы оқушының оқу 
жетістігі туралы барынша толық ақпарат беретін қосымша құрал ретінде болады. 
Авторлық зерттеулер мен әдебиетті теориялық талдау нәтижесінде бағалау 
жүйесінің келесі ерекшеліктері анықталған: білім беру нәтижесін бағалаудың кешенді 
тәсілі; пәндік, метапәндік және жеке тұлғалық нәтижелерді бағалау; негізгі білім беру 
бағдарламаларын меңгеруден күтілетін нәтижелерді бағалаудың мазмұндық және 


31 
критериалды базасы ретінде пайдалану; күтілетін нәтижелерді, құралдарды әзірлеудегі 
деңгейлік тәсіл; жеке оқу жетістіктерін сипаттайтын үстемеленіп жинақталатын бағалау 
жүйесін пайдалану (портфолио). 
Білімді тест арқылы бағалаудың өзіндік ерекшеліктері бар: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет