Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық


Салыстыру және сәйкестендіру тапсырмасы



Pdf көрінісі
бет25/53
Дата07.02.2022
өлшемі0,69 Mb.
#92401
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   53
Байланысты:
52d6ddf1-26f6-11e9-9199-bcaec5508c5b1 МАН Тарих

Салыстыру және сәйкестендіру тапсырмасы
 
Сәйкестендіруге қатысты сұрақтар оқиға, мерзім, атаулар мен оқиға болған 
жерлерді білу маңызды болып саналатын жағдайда білімді тексерудің барынша тиімді 
тәсілі 
болып 
табылады. 
Сәйкестендіру 
тапсырмалары 
көптеп 
жасалған 
эксперименттерді, олардың нәтижелерін, арнайы терминдер мен анықтамаларды есте 
сақтауды қажет ететін жаратылыстану ғылымында да қолдануға ыңғайлы. 
Сәйкестендіру түрлері: 
1)
Терминдерді олардың анықтамасымен сәйкестендіру; 
2)
Географиялық құбылыстар мен олардың сипаттамасы
3)
Себебі мен салдарын сәйкестендіру; 
4)
Географиялық үдерістер мен олардың ролін сәйкестендіру; 
5)
Мәліметтер мен географиялық құбылыстарды сәйкестендіру. 
 
5-кесте.
Сәйкестендіру тапсырмаларының артықшылығы мен кемшіліктері 
Артықшылықтары: 
Кемшіліктері: 
Білу және түсіну деңгейлерін 
бағалау үшін қолайлы 
Орындауға көп уақыт жұмсалады 
Фактілері көп материалды тексеруге 
қолайлы 
Жоғары деңгей дағдыларын бағалауға 
келмейді 
 
Сәйкестендіруге арналған тапсырмалардың түрлері көп. Оның қарапайым 
түрлерінің бірі – екі бағанды салыстыру тапсырмасы: бірінші бағанда жауап беруге тиісті 
сұрақ немесе тапсырма жазылады, ал екінші бағанда салыстыруды қажет ететін олардың 
жауаптары көрсетіледі. Бұл жағдайда бірінші бағандағы тапсырмалардың саны мен 
сәйкес жауаптар саны бірдей болады. Алайда, бұл жерде бірнеше қауіп бар: оқушылар 
жауапты болжамдап дұрыс табуы мүмкін, сонымен қатар, егер оқушы бір жауабында 
қателессе, одан ірі де қателікке ұрынады. Мынандай жағдай болуы да мүмкін: оқушы 
біреуінен басқа барлық сұрақ бойынша сәйкестікті дәл біледі, сонда жауабын білмейтін 
сұрақтың шешімі оқушыға өздігінен айқын болып шыға келеді. 
Дұрыс жауапты болжамдап табу мүмкіндігін азайтудың бірден-бір тәсілі – бірінші 
бағандағы сұрақтардың санына қарағанда екінші бағандағы жауаптардың санының көп 
болуы. Бұл жағдайда оқу материалы негізінде біртекті белгілері бойынша екі бағанан 
түратын тапсырма анықталады. Екінші бағанда біріншісіне қарағанда бірнеше қатар 
артық болуы қажет, ең жақсы деген жағдайда екі есе көп болғаны дұрыс.
Нәтижені өңдеу қолайлы болу үшін сол бағандағы позицияларды санмен белгілеу, 
ал оң бағандағыларды бас әріптермен белгілеу ұсынылады. Тапсырманы қолайлы 
психологиялық жағдайда қабылдап, ойланып жауа беру үшін жазу қарпінің өлшемінің 
де маңызы бар. Бағанның жоғары жағындағы тақырыпшалар бас әріптермен жазылады, 
бағандағы сөздер кіші әріптермен жазылады. Сол жақ бағандағы қатардың саны 4-5-тен 
аспауы қажет екенін ескерген жөн.
Әрине, жеке жағдайда, бір сұраққа бір жауап келетін сәйкестендіру тапсырмасы 
ең жақсы тапсырма мысалы болуы мүмкін. Сапалы тапсырма барынша сенімді нәтиже 
алуға жағдай жасайды, сондықтан сәйкестендіру тапсырмасын құрастыру кезінде келесі 
ұсыныстарды ескерген жөн: 


19 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет