13
баланың бұрынғы өз тәжірибесі перне қоры, мағлұматы салынып, дәл айтқанда, балаға
танымал жақын нәрседен басталғаны» абзал (Ж. Аймауытұлы, 1929).
Джером Брунер адамның танымдық қабілеті шартты түрде бөлінген үш сатыдан
тұрады деп тұжырымдайды:
-
белсенді (жұмыс үдерісінде білім алу);
-
бейнелік (суреттер мен бейнелердің көмегімен білім алу);
-
таңбалық (сөздер мен сандардың көмегімен білім алу).
Бұл спиральді оқу бағдарламасы тұжырымының дамуына себеп болған. Джером
Брунердің жұмысына негізделген спиральді оқу бағдарламасының негізгі ерекшеліктері:
-
оқушы мектепте оқыған кезде тақырыпты немесе пәнді бірнеше рет қайталап
оқиды;
-
әрбір қайталап оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта түседі;
-
жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған
ақпарат тұрғысынан қарастырылады.
Спиральді оқу бағдарламасын жақтаушылар оның төмендегідей басымдықтарына
назар аударады:
-
оқушы пәнді қайталап оқыған сайын ақпарат толықтырылып бекітіліп отырады;
-
спиральді оқу бағдарламасы қарапайым идеялардан анағұрлым күрделі идеяларға
қисынды жолмен ауысуға мүмкіндік береді;
-
оқушыларды межеленген оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін бұрын алған
білімдерін қолдануға жетелеу ұсынылады.
Орта білім мазмұнын жаңарту аясында әзірленген оқу бағдарламалары
оқушылардың бір сыныптан екінші сыныпқа өтуі кезінде білімі мен дағдылары қайталанып,
одан әрі дамытылып отыратын спиральді оқу бағдарламасы моделіне негізделген. Оқу
үдерісінің алға ілгерілеуі айқын көрінуі үшін, оқу мақсаттары өзара тоғысқан бөлімдер мен
бөлімшелерге топтастырылған. Оқушылардың сыныптан сыныпқа көшу барысында алға
ілгерілеуіне орай, олар өздерінің дағдыларды меңгеріп, түсінуіне анағұрлым сенімді бола
түседі. Мысалы, негізгі орта білім беру деңгейіндегі «Жаратылыстану» пәні бойынша
«Ғалам. Жер. Адам» бөлімінің «Халық географиясы» (3-кесте) бөлімшесі бойынша және
«География» пәні бойынша «Әлеуметтік география» бөлімінің «Халық географиясы»
бөлімшесі (4-кесте) бойынша оқу бағдарламасының спиральділігі, яғни оқушылардың алға
ілгерілеуі айқын көрінеді, себебі сыныптан сыныпқа жоғарылаған сайын оқу материалы
күрделене береді.
Достарыңызбен бөлісу: