Тәжірибелік сабақтардың мазмұны ілгеріде игерген білімді бекіту, меңгерген
білімін тәжірибеде қолдану дағдыларын дамытуды қамтиды. Мұндай сабақтарда оқушылар
әртүрлі географиялық көрнекі құралдармен жұмыс істеу арқылы тақырыпты меңгереді.
Мұғалім сабақты жоспарлау барысында оқушылардың танымдық мүмкіндіктері мен
талаптарына сәйкес тапсырмаларды іріктеуді ойластыру керек.
Оқушылар оқуда жоғары жетістіктерге жетуі үшін мұғалімдер сабақта белсенді оқуды
қолдайтын тиімді әдіс-тәсілдерді қолданады.
Географияны оқытуда тәжiрибелік жұмыстар жиі қолданылады. Көп жағдайда бұл
тәжiрибелер физикалық күй мен биологиялық бағытқа қатысты өткізіледі. Табиғатта
болатын үдерістер мен оқиғаларды зерттеуде география пәнiндегi тәжiрибелердiң маңызы
зор.
Мәселен, мектеп географиясында кең тараған тәжiрибелердің бірқатары
төмендегідей:
1.
Ауаның құрамын анықтау;
2.
Ауаның ылғалдылығын бiлу т.б.
3.
Судың жылдамдығын өлшеу;
4.
Судың шаю уақыты мен процесiн анықтау;
5.
Сарқырамалардың пайда болуын бiлу;
«География» пәнін оқытуда физикалық география пәніне қатысты әртүрлi
тәжірибелік жұмыстар жүргізіледі. Мұндай тәжірибелік жұмыстарды орындау барысында
оқушылардың бойында бiлiм мен iскерлiк дағдылары қалыптасады. Географияны оқу
барысында оқушылар топографиялық тәжірибелік жұмыстарды орындайды: тұсбағар,
поляр жұлдызы, жергiлiктi жердiң белгілі бір нысандары арқылы бағыттарды анықтау,
арақашықтықты көз мөлшермен және рулетканың көмегiмен өлшеу, төбелердiң абсолюттiк
биiктiгiн өлшеу, жергiлiктi жердiң планын сызу, жергiлiктi жердiң географиялық ендiгi мен
бойлығын өлшеу т.б. жатады.
Диалог . Қазіргі сабақта қолданылатын белсенді оқу – бұл, ең алдымен, диалог арқылы
оқу (сұхбаттасу), мұнда мұғалім мен оқушылардың өзара бірігіп әрекет етуі жүзеге
асырылады.
Бұл әрекеттестіктің ерекшелігі:
-
оқу үдерісіне қатысты тұлғалардың (мұғалім, оқушы) бір мағыналық кеңістікте
болуы;
-
күрделі мәселелер өрісінде шешілетін тапсырмаларды бірігіп көтеру, яғни бірыңғай
шығармашылық кеңістікке қосылуы;
-
тапсырмаларды орындауға қажетті әдіс-тәсілдерді таңдауда өзара келісімнің болуы.
Танымдық үдерісте оқушылардың біріккен іс-әрекеттері әрбір оқушының өз үлесін
қосу арқылы бірігіп жаңа білімді игеруін білдіреді. Мұнда олар бір-біріне қолдау көрсету
арқылы өзінің білгенімен, жаңа идеяларымен, тәжірибелерімен бөліседі, осылайша өзінің
танымдық әрекетін де дамытады.