23
Мұғалім оқушылармен пікір алмасу арқылы талқылау ұйымдастырып, мәселенің
шешімін табуға жетелейді. Бұл – оқушылардың ойлау дағдысын дамытатын тиімді
тәсілдердің бірі. Сабақта қарама-қайшы келетін пікірлер арқылы қақтығыс туындатып, оны
кішкене бөліктерге жіктеп шешу арқылы нәтижеге қол жеткізу оқу үдерісін тиімді болуына
әсерін тигізеді. Себебі оқушының дұрыс жауапты білмеуінің өзі оны белсенділік танытуға
итермелеп, жаңа білімге ұмтылысын арттырады, танымдық үдерісті күшейтеді.
Жаратылыстану және география сабақтарында проблемалық жағдаят туындату үшін
қарама-қайшылықтың келесі түрлерін қолдануға болады:
-
оқушының өз тәжірибесі мен ғылыми
білімнің арасындағы қайшылық;
-
танымдық үдеріс қайшылығы, яғни бұрынғы білім жүйесі мен жаңа білімдердің
арасындағы қайшылық;
-
объективті шындықтың өзіндік қайшылықтары.
Жоба
әдісі
.
География және жаратылыстану сабақтарында оқу үдерісін табысты
ұйымдастыру жолдарының бірі – жоба әдісі. Бұл әдіс оқушылардың белгілі бір мәселені
өздігінен зерделеп, зерттеу нәтижесін көпшілікке таныстырып жариялаудан тұратын оқу-
танымдық іс-әрекеттерінің жиынтығын қамтиды. Жоба жұмысы барысында оқушылардың
ақпараттық, коммуникативтік құзіреттіліктері, күрделі
мәселелерді шешу жолындағы
ізденушілік дағдылары және өз іс-әрекетіне рефлексия жасай білу қабілеттері дами түседі.
Сонымен қатар, бұл тәсіл пәнаралық байланысты нығайтып, екі немесе одан да көп пәндер
бойынша кіріктірілген сабақтар ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Жоба әдісін қолдану
сабақта мұғалім қызметінің де өзгеруіне ықпал етеді: мұғалім дайын білімді ұсынушыдан
өз оқушыларының ізденушілік, зерттеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы
танымдық әрекеттерін ұйымдастырушыға айналады. Сабақ барысында немесе сабақтан тыс
жүзеге асырылатын жоба жұмысын орындау барысында оқушылардың зерттеушілік
дағдылары жетіліп, ішкі уәжі арта түседі. Оқушылар
білімді өздігінен ізденіп, оларды
талдап, дамыту арқылы қорытынды жасап, жаңа нәтиже алуды және оны жариялауды
жүзеге асырады. Жоба әдісі оқушылардың өз бетінше ізденуіне бағытталған; жоба
жұмысын оқушылар белгіленген уақыт аралығында жеке, жұппен немесе топпен орындауы
мүмкін, сондықтан ол бірлескен оқу тәсілімен толық үндестік табады.
Жаратылыстану және география пәндерінде жоба
әдісін қолдану оқушылардың
ғылыми танымдық белсенділігін күшейтіп, пәнаралық байланыс орнату арқылы пәнді
оқытудың табыстылығын арттырады.
Жоба жұмысының тақырыптарын анықтауда мұғалім мен оқушылардың біліктілігі
және шығармашылығы көрініс табады. Мұғалім жоба жұмыстарына оқу бағдарламасы
ұсынатын тақырыптармен қатар өз қалауы бойынша өткен тараулардағы тақырыптарды
алуы да мүмкін.
-
Жоба жұмысының түрлері: зерттеушілік жоба, ақпараттық жоба, шығармашылық
жоба, рөлдік ойын жобасы, т.с.с. Ұзақтығына байланысты қысқа мерзімді
шағын
(бір сабақ,
бір немесе бірнеше апта көлемінде),
орта
мерзімді
(бір немесе бірнеше ай көлемінде),
ұзақ
мерзімді
жоба (жыл бойы) болуы мүмкін.
Жоба әдісін қолдануға қатысты негізгі талаптар:
-
әртүрлі пән салалары бойынша кіріктірілген білімдерді және зерттеушілік
ізденісті қажет ететін
проблемалық мәселенің болуы;
-
күтілетін нәтиженің тәжірибелік және танымдық маңызды болуы;
-
оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, зерделеу әрекеттерінің жүйелі болуы;
-
жоба жұмысының мазмұндық құрылымының анық болуы;
-
зерттеу әдістерінің қолданылуы.
«
География
»
пәні
бойынша
жоба
жұмыстарын
орындау оқушылардың табиғат пен
қоғам арасындағы өзара байланыстарға, осы байланыстардың кеңістіктік ерекшеліктеріне
ғылыми көзқарасын қалыптастыруға, оқушылардың географиялық
зерттеу әдістері мен
зерттеу дағдыларын игеруіне ықпал жасауға, кеңістіктік ойлау мен картографиялық